28.05.2007, 15:09 2984

Республика үкімет басшысы Кувейт ұлттық қауіпсіздік министрі, Азия Олимпиадалық кеңестің президентімен кездесті

АСТАНА. 28-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Кувейт мемлекетінің ұлттық қауіпсіздік министрі, Азия Олимпиадалық кеңестің президенті Шейх Ахмад Ил-Фахад Ил-Сабахпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында 2011 жылы Алматы қаласында өтетін жетінші Қысқы Азия ойындарына дайындық мәселесі талқыланды.

Сонымен бірге, тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы екі жақты қарым-қатынастардың үлкен деңгейі бойынша пікір алмасты.

"Саясат, экономика, сауда, мәдени- гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретін мезгіл жетті. Біз жуық арада Кувейттің Қазақстандағы елшілігін ашуды жоспарлап отырмыз"- деді кездесу барысында Шейх Ахмад Ил-Фахад Ил-Сабах.

Мысалы, Кувейт кәсіпкерлері Қазақстанда негізінен энергетика саласында белсенді жұмыс істеп жүр.

К.Мәсімовтің айтуынша, "тек қана энергетика саласында емес, экономиканың өзге де салаларында Қазақстан-Кувейт бірлескен кәсіпорындардың санын арттыру қажеттігі туындап отыр".

Кездесу соңында үкіметі басшысы К.Мәсімов Кувейт елінің премьер-министрін Қазақстанға келіп қайтуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны