19.09.2006, 13:14 2846

Республика үкімет басшысы мен Қытай даму банкінің президентінің кездесуінде өзара ынтымақтатсықты дамыту мәселесі талқыланды

АСТАНА. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Қытай Даму банкімен ынтымақтастығын нығайту және кеңейту мәселесі кеше ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың банк президенті Чень Юаньмен кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Қытай Даму банкі біздің еліміздегі ең бір көлемді құрылыс - Мойнақ СЭС-інің құрылысын қаржыландыруда. Сонымен қатар, үкімет басшысы атап өткендей, Қазақстан Қытай Даму банкі қатысатын кең көлемдегі жобаларды жүзеге асыра бастайды.

Екібастұздағы электростанция құрылысы мен Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданына дейінгі электр тарату желісінің құрылысы, Павлодардағы металлургия зауытының құрылысы, сондай-ақ Батыс Қазақстаннан Қызылордаға және одан Қорғас станциясына дейінгі ұзындығы 1029 шақырымдық автожол құрылысы туралы сөз қозғалды. Ынтымақтастық келешегін есепке ала келе, Даниал Ахметов Қытай Даму банкінің Қазақстандағы өкілдігін ашудың пайдалылығы туралы айтып өтті.

Өз кезегінде Қытай Даму банкінің президенті Чень Юань өз елінің де Қазақстан аумағында жұмыс істеу жөнінде ұсыныстары барын жеткізді. Ол мысал ретінде Қорғас станциясындағы Халықаралық сауда ұйымының құрылысын айтты. Қытай Қазақстан астығын тасымалдауға қызығушылық танытып отыр.

Кездесу соңында Ппемьер-министр Қытай Даму банкінің Қазақстанмен ынтымақтастығы дами түсетініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны