14.09.2007, 18:44 3177

Республика үкімет басшысы "Самұрық" холдингінің басшыларын қабылдады

Республика үкімет басшысы "Самұрық" холдингінің басшыларын қабылдады.

Астана. 14-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін". ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Ричард Эванс пен холдингтің басқарма төрағасы Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында холдинг басшыларының алдына - ұлттық активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру және "Самұрық" компаниясының корпоративтік басқару деңгейін көтеру міндеттері қойылды.

Р. Эванс "біз біздің басты міндетіміз - Қазақстан халқының игілігі үшін "Самұрық" басқаратын ұлттық компанияның құндылығы мен маңыздылығын арттыру екенін жақсы түсінеміз" деп атап өтті.

Ал Қанат Бозымбаев Қазақстанның ұлттық компаниясының корпоративтік басқару деңгейін арттыру және менеджмент жүйесін нығайту мақсатында, "ұлттық компанияның директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз сарапшыларды тарту қажет" деп санайды. Илемге белгілі корпорацияларда еңбек еткен тәжірибесі бар ондай мамандар "біздің ұлттық менеджерлерге Қазақстанның ұлттық компаниялары тәрізді ірі компанияларды басқаруда өз тәжірибелерін бөлісетін болады" деді ол.

"Үкімет басшысы "Самұрық" холдингісін дамытуға бағытталған нақты міндеттер қойды, біз жыл соңына дейін осы міндеттерді орындау үшін жұмыс жасайтын боламыз",- деп мәлімдеді холдингтің басқарма төрағасы Қ. Бозымбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны