02.11.2019, 14:55 14401

Республикада "Протон"республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

Оқу-жаттығуға республикалық азаматтық қорғау қызметтері-орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, облыстық Азаматтық қорғау қызметтері, Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері қатысты.

Нұр-Сұлтан. 2 қараша. Kazakhstan Today -2019 жылғы 31 қазан мен 1 қараша аралығында "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран-тасығыштардың аварияларына байланысты төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының дайындығы" тақырыбында "Протон" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығуларға 8 өңір қатысуда, өйткені зымыран-тасығыштардың ұшу тасжолдары облыс аумағының (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Нұр-Сұлтан қаласының жанында) үстінен өтеді.

Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару штабы Қызылорда қаласында Қызылорда облысы ТЖД ахуалдық орталығында орналасқан.

Оқу-жаттығу барысында басқару органдарының, АҚМЖ аумақтық және салалық кіші жүйелерінің күштері мен құралдарының зымыран-тасығыштардың аварияларына байланысты ТЖ жою жөніндегі міндеттерді орындауға дайындық және өзара іс-қимыл деңгейі анықталады."Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран тасығыштардың аварияларына байланысты ТЖ туындаған кезде Орталық және жергілікті атқарушы органдардың бағынысты Азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқару бойынша өзара іс-қимылы жолға қойылды.

Оқу-жаттығуға республикалық азаматтық қорғау қызметтері-орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, облыстық Азаматтық қорғау қызметтері, Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері қатысты.

Оқу-жаттығу теориялық, практикалық мәселелерді пысықтау және оқу орындарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру арқылы екі кезеңде өткізілді.

Бірінші кезеңде әрбір өңірге бес кіріспе берілді. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыру кезінде Қызылорда облысы үшін негізгі кіріспе болып гептил отыны бар "Протон" зымыранының Қармақшы ауданының аумағына құлауы анықталды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны