14.11.2006, 16:56 2799

Республикадағы ойынханалардың қызметтерін реттеуге бағытталған заң 2007 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енеді

Республикадағы ойынханалардың қызметтерін реттеуге бағытталған заң 2007 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енеді

АСТАНА. 14 қаңтар . Kazakhstan Today. Республикадағы ойынхана қызметтерін реттеуге бағытталған "Ойын бизнесі" туралы заң 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі. Мұндай шешім кеше қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазіргі кезде парламентте талқыланып жатқан "Ойын бизнесі" туралы заң 2007 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді",-деп хабарлады қаржы министрі Наталья Коржова қауіпсіздік Кеңесінің отырысы барысында. "Яғни, ойын бизнесімен айналысатын кәсіпкерлер, өздері үшін осы бизнесті одан әрі қарай жалғастыру жалғастырмау мәселесін анықтап алулары тиіс, өз кәсіптерін басқа бизнес түріне айналдыра ма, ол жағын өздері шешуі қажет",-деді министр.

Н. Коржованың айтуынша, осыған байланысты " кәсіпкерлердің жұмыссыз қалмауы мақсатында, бизнесмендерге ойын бизнесін басқа қызметтерге алмастыруды ұсыну міндеті әкімдерге жүктелді".

Сонымен қатар министр, отырыс барысында "ойын автоматтарын үлкен қалалардан, Елбасы немесе парламент белгілейтін белгілі бір орынға шығару туралы қатаң шешім қабылданғанын" атап өтті. Оның айтуынша, ойынханалар Щучинск-Бурабай аймағына немесе Қапшағайдың оң жағалауына ауыстырылуы мүмкін.

Н. Коржова тағы бір сөзінде, "жаңа заң туралы үгіт насихат жүргізу құзыреті туризм және спорт министрлігіне жүктеледі", деді . "1-қаңтардан бастап барлық лицензиялар қайтарылады, ал билік пен бизнес арасындағы жаңа қарым-қатынастарды туризм және спорт министрлігі реттейтін болады",-деді.

Осыған дейін хабарланғандай, "Ойын бизнесі" туралы заң жобасы ойынханалардың орналасатын орындарын анықтайды, лицензия беруді ретке келтіреді, салық заңдылықтарын қолдануға жол береді.

Құмар ойындары бизнесін ашқанда кездесетін бірқатар әлеуметтік тұстарын да ретке келтіру, оның ішінде құмар ойындарына қатысушылардың жасына қатысты шектеу енгізу, мемлекеттік органдар, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әуежай, вокзал ғимараттарында, басқа да қоғамдық жерлерде тотализатор және букмекер конторларының жұмыс істеуіне тосқауыл қою жоспарда бар.

Қазақстан бойынша тіркеуге алынған 140 ойынхана бар, оның 37-Алматыда, 16-Оңтүстік Қазақстан облысында , 14-Астанада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны