04.10.2010, 15:55 3638

Республикалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Досқалиевтің диагнозы жалған екендігін мойындады - қаржы полициясы

Республикалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Илібек Мұстафин жауап алу барысында министр Жақсылық Досқалиевтің диагнозы жалған екендігін мойындады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатын өткізген ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың дәрігерлері Денсаулық сақтау министрі Досқалиевтың өтініші бойынша жалған диагноз қойғандықтарын мойындағандарын мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 4 - қазан. Kazakhstan Today - Республикалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Илібек Мұстафин жауап алу барысында министр Жақсылық Досқалиевтің диагнозы жалған екендігін мойындады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатын өткізген ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың дәрігерлері Денсаулық сақтау министрі Досқалиевтың өтініші бойынша жалған диагноз қойғандықтарын мойындағандарын мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Консилиумның төрағасы, бас дәрігердің орынбасары Илібек Мұстафин өз жауабында Досқалиевтің клиникаға келіп түскен уақыттан бастап, бүгінгі күнге дейін адекватты және есінде екендігін мойындады", деп хабарлады М. Жұманбай.

"И.Мұстафиннің айтуынша, қойылған жалған диагнозды және тергеу органдары мен БАҚ-қа ұсынылған жалған ақпаратты Досқалиевтің өтініші бойынша берген",- деп нақтылап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны