25.02.2009, 19:10 3797

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және ауылдық елді мекендерде орналасқан мекемелерде жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына қаладағымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарғы айлық және тарифтік ставкалар белгіленеді - үкімет қаулысы

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және ауылдық елді мекендерде орналасқан мекемелерде жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына қаладағымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарғы айлық және тарифтік ставкалар белгіленеді - үкімет қаулысы

Астана. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және ауылдық елді мекендерде орналасқан мекемелерде жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына қаладағымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарғы айлық және тарифтік ставкалар белгіленеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Осы жөнінде Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы қаулысы жарық көрді.

Қаулы мәтінінде атап көрсетілгеніндей, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және ауылдық елді мекендерде орналасқан мекемелерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына қалалық жағдайда қызметтің осы түрлерімен айналысатын мамандардың айлықтарымен және тарифтік ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарғы айлық және тарифтік ставкалар белгіленеді. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны