04.10.2010, 15:59 3999

Республикалық клиникалық аурухананың дәрігерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды - қаржы полициясы

Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке жалған диагноз қойып, тергеу органдарына жалған ақпарат бергені үшін Ұлттық ғылыми медициналық орталық дәрігерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі Тергеу департаментінің бастығы Нұрлан Ауғанбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 4 - қазан. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке жалған диагноз қойып, тергеу органдарына жалған ақпарат бергені үшін Ұлттық ғылыми медициналық орталық дәрігерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі Тергеу департаментінің бастығы Нұрлан Ауғанбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қаржы полициясының тергеу амалдарына кедергі келтірген дәрігерлердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 339-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деді М. Жұманбай.

"Біз қылмыстық іс қозғадық және де аталған іске қатысы бар барлық лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады",- деп атап өтті ол.

"2010 жылдың 2-қазанында дәрігерлердің консилумы жүргізілді. Олардың қорытындысы бойынша ол есін біледі",- деп хабарлады ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев жатқан Республикалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Илібек Мұстафин жауап алу барысында министрге қойылған "инсульт" диагнозының жалған екендігін мойындаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны