01.04.2008, 15:19 3344

Республикалық "Мигрант" операциясын өткізу кезінде Астанада әкімшіліктік жауапқа 800 шетел азаматы тартылды-Ішкі істер департаменті

Республикалық "Мигрант" операциясын өткізу кезінде Астанада әкімшіліктік жауапқа 800 шетел азаматы тартылды-Ішкі істер департаменті

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Республикалық "Мигрант" операциясын өткізу кезінде Астанада 27- 30 наурыз аралығында әкімшіліктік жауапқа 800 шетел азаматы тартылды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Астананың ІІД бастығы Серімжан Досымов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Осы уақыт аралығында 32 түрлі нысандар, оқу мекемелері мен шоғырланып тұратын жерлер тексерілді. Жалпы ҚР келу ережелерін бұзған 800 шет ел азаматы әкімшіліктік жауапқа тартылды", - деді С. Досымов.

ІІД таратқан баспасөз хатында айтылғанындай, әкімшіліктік жауапқа тартылған шетелдік азаматтардың 10 алыс мемлекеттерден келсе, 792 ТМД елдерінің азаматтары болып шыққан.

"Мемлекеттен сыртқа 23 адам аластатылса, 29 шетел азаматы Астана қалалық ІІД қабылдау таратқышқа тоғытылып, олар туралы мәліметтер анықталып тексерілуде", - деді С. Досымов.

Оның мәліметтері бойынша, "Мигрант" операциясын өткізу барысында Астанада іздеуде жүрген екі қылмыскер құрықталды. "Сондай-ақ, ұлты "люли" Өзбекстанның 112 азаматы анықталды. Олардың қатарында 46 бала ұйымдасқан түрде тұрақты мекендеріне жөнелтілді ", -деді Астананың ІІД бастығы.

"Бұл Астана күніне байланысты ұйымдастырып отырған шара емес, енді бұл жүйелі жолға қойылатын болады ", - деп мәлімдеді С. Досымов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны