17.03.2014, 20:21 3031

Республикалық жолдарда жалқы білігіне жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

Осындай шектеу Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған ауданы), Қызылорда және Маңғыстау облыстарында 1 наурыз бен 1 сәуірге аралығында енгізіледі.

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan today. Бұл шектеу биылғы жылғы 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды ауданы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қолданылады. Осындай шектеу Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған ауданы), Қызылорда және Маңғыстау облыстарында 1 наурыз бен 1 сәуірге аралығында енгізіледі.

Мысалға біліктер арасындағы қашықтық ұзындығы 1,3-1,8 см болғанда екі доңғалақты автокөлік құралының қосарланған біліктерінің шарықтау сомасы 13,2 тоннаны құрайды, ал үшеуі біріктірілген бір доңғалақты білікке 18 тоннаны құрайды.

ҚР ККМ Көлікті бақылау комитетінің төрағасы Исет Асаубаев: "Мұндай шектеулер жолдарда жыл сайын енгізіліп тұратыны мәлім. Мұндай тәжірибе Қазақстанның ауа райына ұқсас елдерде қолданылады. Көктемдегі су тасқыны кезеңінде жол жамылғысының ылғалдануы себебінен автомобиль жолдары ауыр жүкті көлік құралының жүктемесі алдында қорғансыз және оларды қосымша қорғау қажет",- деп атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны