01.11.2016, 14:46 3542

Республиканыӊ 10 өӊірінде 30 сайлау округінде мәслихаттардыӊ шығып қалған депутаттарыныӊ орнына сайлау болды

Сайлау науқаны барысында барлығы 101 кандидат ұсынылды. Олардыӊ ішінде 16-сы облыстық мәслихатқа, 35-і қалалық мәслихатқа және 50-і аудандық мәслихатқа дауысқа түсті.

Астана. 1 қараша. Kazakhstan Today - Cайлау заӊнамасына сәйкес 30 қазанда республиканыӊ 10 өӊірінде, 30 сайлау округінде мәслихаттардыӊ шығып қалған депутаттарыныӊ орнына сайлау болды, деп хабарлайды ОСК баспасөз қызметі.

Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге 10 облыстық, 6 қалалық, 17 аудандық, 30 округтік, 160 учаскелік сайлау комиссиялары тартылды.

Сайлау науқаны барысында барлығы 101 кандидат ұсынылды. Олардыӊ ішінде 16-сы облыстық мәслихатқа, 35-і қалалық мәслихатқа және 50-і аудандық мәслихатқа дауысқа түсті.

31 үміткерді саяси партиялар ұсынды, 70 азамат өзін-өзі ұсынды.

Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ретінде 96 адамды тіркеді.

Сайлау бюллетеньдеріне 92 кандидаттыӊ тегі енгізілді.

Орташа бәсекелестік бір депутаттық мандатқа шамамен 3 үміткерді құрады.

Дауыс беру 2016 жылғы 30 қазан күні 160 сайлау учаскесінде өтті.

Сайлаушылардыӊ келуі 79,6 %-ды құрады.

Дауыс беру қорытындыларына сәйкес облыстық мәслихаттыӊ 4 депутаты, қалалық мәслихаттыӊ 10 депутаты және аудандық мәслихаттыӊ 16 депутаты сайланды.

Дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауды кандидаттардыӊ сенім білдірген адамдары, саяси партиялардыӊ, қоғамдық бірлестіктердіӊ және БАҚ өкілдері - барлығы 396 адам жүзеге асырды.

Мәслихаттардыӊ сайланған депутаттарыныӊ құрамында 29 (96,67 %) ер адам және

1 (3,33 %) әйел адам.

Мәслихаттардыӊ сайланған депутаттарыныӊ орташа жасы - 45 жас.

Еӊ жас депутат (24 жас) Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданыныӊ № 6 сайлау округінде сайланды. Еӊ ересек депутат (63 жас) - Қарағанды қаласы мәслихатыныӊ № 30 сайлау округінде.

Сайланған депутаттардыӊ 96,67 % жоғары білімді, 3,33 %-ныӊ арнайы орта білімі бар.

40 %-ы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда, 53,3 %-ы коммерциялық құрылымдарда қызмет атқарады, 6,7 %-ы - саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардыӊ қызметкерлері.

Сайлау науқаны сайлау заӊнамасы нормаларыныӊ талаптарына сәйкес өтті.

Ортсайлаукомға шағымдар мен өтініштер келіп түскен жоқ, деп хабарлайды ОСК.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны