24.07.2008, 10:15 1299

РФ президенті Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Орынбор мұнай өңдеу зауытының негізінде бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімді бекіту жөніндегі заңға қол қойды

РФ президенті Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Орынбор мұнай өңдеу зауытының негізінде бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімді бекіту жөніндегі заңға қол қойды

Алматы. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - РФ президенті Дмитрий Медведев "Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Орынбор мұнай өңдеу зауытының негізінде бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімді бекіту жөніндегі" федералдық заңға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі РФ президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Федералдық заңмен бекітілген келісім Ресей Федерациясы үкіметі мен Қазақстан Республикасы үкіметі арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі 2001 жылдың 28 қарашасындағы келісімді дамыту аясына қамтылған.

Федералдық заңды Мемлекеттік дума 2008 жылдың 4 шілдесінде қабылдап, Федералдық кеңес 2008 жылдың 11 шілдесінде мақұлдаған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2008 жылдың 5 ақпанында "Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Орынбор мұнай өңдеу зауытының негізінде шаруашылық қоғамын құру туралы келісімді бекіту жөніндегі" заңға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімнің мақсаты газ өндіру саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту мен Қазақстан Республикасының Қарашығанақ кеніші мен РФ Орынбор облысындағы газ кеніштеріндегі көмірсутегі шикізатын өңдеу саласында өзара тиімділік жағдайларын жасауға саяды.

Келісімнің 1-бабына сәйкес, Қазақстан мен Ресей үкіметтері "ҚазМұнайГаз"ҰК"АҚ мен "Газпром" ААҚ-ына тең қаржымен Ресей Федерациясының біртұтас газбен қамтамасыз ету жүйесінің құрамды бөлігі болып табылатын Орынбор мұнай өңдеу зауытының негізінде шаруашылық қоғамын құруға септігін тигізеді.

Келісімнің 2-ші бабына сәйкес, бірлескен кәсіпорын Қарашығанақ кенішінде өндірілген шикі газды жыл сайын 15 млрд текше метрден кем емес көлемде аталған келісімнің шарттарына сәйкес сатып алу және өңдеуді, өңделген газды Қазақстан аумағында сату мен оны "Газпром" ААҚ-ның біртұтас экспорттық арнасы арқылы шетелдерге шығаруды қарастыратын коммерциялық ұзақ мерзімді (15 жылдан кем емес) келісім-шарттың негізінде құрылады.

6-шы бапқа сәйкес, "уәкілетті ұйымдар Бірлескен кәсіпорында өңделген Қарашығанақ кенішінен алынған газды Қазақстан нарығына паритетті негізде, соның ішінде тараптардың заңнамасына сәйкес өзара тиімді шарттармен қарама-қарсы сату шарттары мен тәртіптерін айқындайды".

Мұндай қарама-қарсы бағыттағы сауда-саттықтар тең көлемде және бірдей бағаға сатылады. Бұл ретте қарама-қарсы бағыттағы саудадағы, соның ішінде сату және сатып алу жөніндегі келісім-шартқа сәйкес газ бағалары салық салу және кедендік құнын айқындау мақсатымен түзетуге жатпайды.

Келісімге 2006 жылдың 3 қазанында Оралда қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны