19.06.2014, 19:43 4475

Римде "Қазақстан және көпполярлы әлемнің геосаясаты" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігі Азия және Жерорта теңізі мәселелері жөніндегі (ISIAMED) итальяндық институтпен бірлесіп, Италия Парламентінің ғимаратында "Қазақстан және көпполярлы әлемнің геосаясаты" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігі Азия және Жерорта теңізі мәселелері жөніндегі (ISIAMED) итальяндық институтпен бірлесіп, Италия Парламентінің ғимаратында "Қазақстан және көпполярлы әлемнің геосаясаты" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталған іс-шараға Италияның саяси, сарапшылық, академиялық орта өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бастамалары, оның ішінде біздің елдің жаһандық ядролық қарусыздандыру үдерісіне және мәдениетаралық және дінаралық диалогты алға бастыруға қатысуы, Қазақстан кандидатурасының 2017-2018 жылдарға БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақсыз мүшелігіне өтінімі, "G-global" жобалары және Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция, Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу, интеграциялық үдерістер және Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімге қол қою туралы мағлұматтар таныстырылды, деп сыртқы істер министрлігінен хабарлады.

Дөңгелек үстел барысында ҚР-ның Италиядағы Елшісі А.Елемесов пленарлық баяндама жасады. Қазақстандық дипмиссияның басшысы өз баяндамасында тәуелсіздік кезеңі ішінде еліміз өзін әлемдік аренада айтарлықтай саяси салмаққа ие табысты, бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде көрсете білгенін атап өтті. Қазақстанның аймақтық және жаһандық үдерістердің қатарына белсене қатысуы оның халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу үшін жан-жақты ақпараттар мен әр түрлі амалдарды иелену мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны