14.06.2013, 15:37 5309

Рио Тинто компаниясымен Атырауда геологиялық зерттеулер орталығын құру туралы келісімге қол қойылады

С.Ахметовтің атап өтуінше, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның алдағы уақыттағы елімізге сапары барысында әлемдік компаниялардың бірі - Рио Тинтомен Атырауда геологиялық зерттеулер орталығын құру туралы келісімге қол қойылады.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - Д.Кэмеронның Қазақстанға сапары аясында Рио Тинто компаниясымен Атырауда геологиялық зерттеулер орталығын құру туралы келісімге қол қойылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында депутат Бақтыбай Шелпековтің сауалына жауап берген Серік Ахметов айтты.

С.Ахметовтің атап өтуінше, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның алдағы уақыттағы елімізге сапары барысында әлемдік компаниялардың бірі - Рио Тинтомен Атырауда геологиялық зерттеулер орталығын құру туралы келісімге қол қойылады.

"Менің ойымша, бұл - аталған мәселелерді халықаралық тәжірибелер деңгейінде барынша тыңғылықты зерделеуге мүмкіндік беретін қарлығаштардың бірі болады", деді Үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны