06.05.2020, 18:23 7837

Роман Скляр Мақтаарал ауданына барды

Болған жағдайға байланысты арнайы үкіметтік комиссия құрылғаны белгілі. Оны Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр басқарады.

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Роман Скляр Мақтаарал ауданына барды.

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр су басқан ауыл тұрғындарымен кездесіп, оларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін жеткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Президенті Мақтаарал ауданының судан зардап шеккен бірде-бір тұрғыны көмексіз қалмайтынын айтты. Сол себепті, сіздерге тек түсініктік танытуды сұраймын. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі. Президент Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдардың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсетуді тапсырды", - деді Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр.

Болған жағдайға байланысты арнайы үкіметтік комиссия құрылғаны белгілі. Оны Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр басқарады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен құрамында орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары бар жұмыс тобы Жаңа тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Комиссия шығынды шұғыл түрде есептеу жұмыстарын жүргізеді. Ең алдымен тұрғын үйлер қалпына келтіріледі. Сонымен қатар инженерлік, көлік, әлеуметтік инфрақұрылым ретке келтіріледі.

Комиссия арнайы техника әкелген Өзбекстан мемлекетінің өкілдерімен де кездесті. Су астында қалған ауылдарды тазалауға көрші елден көмекке келген 50-ге жуық техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны