30.04.2020, 11:24 9678

Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының жүзеге асырылуымен, жергілікті маңызы бар жолдардың құрылыс барысымен танысты.

Облыс басшылығы автожол құрылысы бойынша шаралар және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады.

Ағымдағы жылы қабылданған шаралар аясында өңірде 800 км жол салу және жөндеу жоспарланған.

Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 302 жоба іске асырылуда. Бұл мақсатқа 46 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. 12 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Үкімет делегациясы 110 пәтерлі "Батыс-2" шағын ауданындағы тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен танысты. Мұнда мектепке дейінгі мекемелерді, сауда нүктелерін, балалардың шығармашылығын дамыту орталығын салу қарастырылған.

Роман Скляр сондай-ақ ұзындығы 696 метр болатын Сельмаш ауданындағы көпірді аралап көрді. Мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстары 2018 жылы басталған, 2020 жылдың соңында аяқталатын болады.

Бұдан басқа, сапар барысында "Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы (Астрахань)" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 100-160 км, 160-220 км, 236-275 км, 275-330 км құрылыс барысы тексерілді. Кеңес барысында "Todini Costruzioni Generali S.p.A" және "Uniserv" ЖҰС, "СПИК Аккорд" ААҚ мердігерлік ұйымдарының және инженерлік қызметтердің басшылары жол жұмыстарының барысы туралы ақпарат берді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Роман Скляр қойылған міндеттерді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті және белгіленген жоспарларды орындау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны