18.07.2013, 13:56 4480

Роскосмос "Протон-М" апатының себебін жария етті

"Протон-М" зымыран-тасымалдағышы бұрыштық жылдамдықтардың құрылғылары (датчик) дұрыс орнатылмауына байланысты апатқа ұшырады. Бұл туралы Роскосмос басшысының орынбасары Александр Лопатин айтты, деп хабарлайды ВВС.

Астана. 18-шілде. Kazakhstan Today - Роскосмос "Протон-М" апатының себебін жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Протон-М" зымыран-тасымалдағышы бұрыштық жылдамдықтардың құрылғылары (датчик) дұрыс орнатылмауына байланысты апатқа ұшырады. Бұл туралы Роскосмос басшысының орынбасары Александр Лопатин айтты, деп хабарлайды ВВС.

Оның айтуынша, кешенді тексерудің нәтижесінде мамандар алты датчиктің үшеуі 180 градусқа төңкеріліп қойылған, осыған орай зымыранды басқару жүйесі өзінің бағыты жайында қате мәліметтерді алып отырған.

Құрылғыларды дұрыс орнатпаған кінәлілер анықталған көрінеді.

Апатқа қатысты тексеру деректері Бас прокуратураға жіберілген екен. Еске салсақ, ДМ-03 үдеткіш блогы және "Глонасс-М" үш ресейлік навигациялық ғарыш аппараты бар "Протон-М" зымыран-тасығышы 2 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08.38-де "Байқоңыр" ғарыш айлағының №81 алаңынан ұшырылымы жоспарланған болатын. "Протон-М" зымыран-тасығышы ұшырылымның 10 секундында жерге құлап, жарылды. Апат ұшыру алаңынан 2-3 шақырым жерде орын алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны