03.04.2014, 20:48 3241

Рудный моноқаласында халық санын 180 мыңға дейін көбейту жоспарлануда

Қостанай облысы Рудный моноқаласындағы халық санын 180 мыңға дейін арттыру жоспарланған. Бұл қала дамуының жаңа бас жоспарының арқасында жүзеге асырылмақ.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan today. Қостанай облысы Рудный моноқаласындағы халық санын 180 мыңға дейін арттыру жоспарланған. Бұл қала дамуының жаңа бас жоспарының арқасында жүзеге асырылмақ.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Рудныйға енетін моноқалалар бағдарламасының бірінші кезектегі тапсырмасы жоспарлы халық санына сай инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым мен тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мен жаңғыртуға бағытталған бас жоспарын дайындау болып табылады.

Рудныйдың халқы саны 180 мыңға дейін көбейтілу жоспарланған. Қазірде жергілікті халық аталмыш көрсеткіштен елу мыңға аз. Тұрғын үй және жаңа қоғамдық орындар салуға бөлінген жер Тобыл өзенінің қарама-қарсы жағында. Оған өзен үстінен қос өткен салынбақ.

Бас жоспар нақтыланғаннан кейін қала шекарасына ССГПО жаңа кәсіпкерлігі салынып жатқан солтүстік-шығыс бағыттағы аймақтар енгізілетін болады. Тобыл өзенінің оң жағалауында Балықтыдан Константиновкаға дейін үйлер мен әлеуметтік нысандар салынады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны