22.08.2008, 11:32 1419

Рудныйда мемлекет басшысының қатысуымен халықаралық еңбек форумы ашылды

Рудныйда мемлекет басшысының қатысуымен халықаралық еңбек форумы ашылды

Астана. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысының Рудный қаласында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен халықаралық еңбек форумы ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев баяндама жасайды деп күтілуде. Сонымен бірге, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Халықаралық еңбек ұйымының Женевадағы бас пәтерінің өкілі Джеймс Уинделл, Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясының акционері Александр Машкевичтер сөз сөйлейді деп күтілуде.

Жалпы алғанда форум аясында кәсіби мамандармен қамтамасыз ету саласындағы мемлекет пен жеке меншік сектордың серіктестігін дамыту перспективалары, республикада техникалық білім беруді одан әрі дамыту жайы талқыланады.

Форумға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, парламент депутаттары, халықаралық ұйымдар мен республикалық қоғамдық бірлестіктердің, ірі бизнестің, оқу орындарының өкілдері қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны