23.11.2007, 11:32 1575

Румыния Қазақстанның сенімді саяси және экономикалық серіктесі

Румыния Қазақстанның сенімді саяси және экономикалық серіктесі

Астана. 23-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Румынияны сенімді саяси және экономикалық серіктесі деп санайды. Бұл туралы елбасы бейсенбіде Румыния президенті Траян Басескумен Бухарестте жүргізген келіссөздерден кейін мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Румынияны сенімді саяси және экономикалық серіктесі ретінде қарайды. Сол сияқты Қазақстан да экономикалық және саяси дамудың күрделі міндеттерін батыл шеше білетін, тұрақты әрі байсалды серіктесі болып табылады",- деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

Ол, ресми мәліметтерге сүйене отырып 2006 жылы өзара сауда көлемі 830 млн АҚШ долларын құраған, бұл Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің кез-келгенімен салыстырғанда жоғары көрсеткіш екендігін атап өтті. Қазақстан Румыниядан машиналар мен электр жабдықтарын импорттайды. Ал Қазақстан жағы өз кезегінде Румынияға шикі мұнай мен химиялық өнеркәсіп өнімдерін тасымалдайды.

"Елбасы сондай-ақ екі ел арасындағы екіжақты өзара саяси түсіністік деңгейін жоғары бағалады, атап айтқанда Румыния елінің Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ төрағалық жасауға ұсынған кандидатурасын қолдауға дайын екендігін бағалады",- деп айтылған хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар сондай-ақ транзиттік-транспорттық саладағы ынтымақтастықтың келешегін, атап айтқада тікелей әуе қатынасын ашуды, сондай-ақ ТРАСЕКА бағдарламасы аясында ынтымақтастықты дамытуды талқылаған. Бұл жоба Орталық Азиядан Кавказ арқылы Балқанға және одан әрі Еуропаға автокөлік және темір жолдармен жүк тасымалдауды қарастырады. Келіссөздердің қорытындысы бойныша халықаралық тасымалдар туралы келісімге, "Ақтау халықаралық теңіз сауда айлағы" МК мен Констанца айлағының теңіз әкімшілігі арасындағы ынтамақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

Қазақстан Республикасының президенті, үстіміздегі жылдың жазында Санкт-Петербург қаласында өткен Халықаралық экономикалық форумда Каспийден Қара теңізге дейін Еуропа мен Азияны жалғайтын "Еуразия" кеме арнасын салу туралы идеясын ұсынғандығын еске сала кетті. Осы аталған жүк тасымалдау маршруты Каспий елдері мен Еуропаның, соның ішінде Румыниямен арадағы сауданы қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тараптар мұнайгаз саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағын да талқылады. Атап айтқанда, Н.Назарбаев Қазақстанның Констанца-Триест мұнайқұбыры жобасына қатысуға мүдделі екендігін айтты.

Қазақстанның мемлекет басшысы Румынияға мемлекеттік сапары аясында сондай-ақ осы елдің парламент сенатының төрағасы Николае Вэкэроюмен кездесіп, Қазақстан мен Румынияның үкіметаралық байланыстарын дамыту мәселелерін талқылады. Н. Вэкэрою Н. Назарбаевқа "Румыния парламентінің сенатына 140 жыл" медалін табыс етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны