Құрылтай депутаттары әдеп нормаларын бұзғандары үшін жазалануы мүмкін
Құрылтайда депутаттық әдепті бұзғаны үшін нақты жауапкершілік шаралары қолданылады. Бұл туралы брифинг барысында вице-спикер Дания Еспаева мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Дания Еспаева депутаттық әдепті бұзуға, атап айтқанда, сөз сөйлеп тұрған адамдарға негізсіз ескерту жасау, сондай-ақ депутаттардың немесе басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, қорлайтын сөздер айту жатқызылуы мүмкін екенін атап өтті.
"Депутаттық әдеп депутатқа жұмыс топтарының отырыстары мен Құрылтай жұмысы кезінде ғана емес, Құрылтайдан тыс уақытта да талаптар қояды. Депутат жоғары моральдық қасиеттерге ие, өзіне жоғары талап қойылатын адам болуы тиіс",- деп атап өтті вице-спикер.
Депутаттардың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне беретін ақпаратының шынайылығына қатысты да жеке талаптар қарастырылған. Еспаеваның айтуынша, депутат өз сөздері мен жауаптарында тексерілген және шынайы мәліметтерді пайдалануға міндетті. Шынайылығы расталмаған ақпаратты тарату да депутаттық әдепті бұзу ретінде қарастырылуы мүмкін.
Мұндай өтініштерді қарау үшін Құрылтайда депутаттық әдеп жөніндегі кеңес құрылады. Ол азаматтардан да, заңды тұлғалардан да келіп түскен өтініштерді қарайды.
Депутаттық әдепті бұзғаны үшін бірқатар жаза қарастырылған.
"Біріншіден, бұл - сөгіс. Екіншіден, депутат көпшілік алдында кешірім сұрауы тиіс. Үшіншіден, Құрылтайдың бір отырысында немесе үш отырысы бойы сөз беруге тыйым салынуы мүмкін. Сондай-ақ, бір отырыстан немесе үш отырыстан шығарып жіберу қарастырылған. Соңғысы - бір күндік жалақысынан айыруды қарастырады", - деп қорытындылады Дания Еспаева.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

