Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құрылады
Құрылтай отырысында бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының жанынан Қоғамдық палата құру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Қоғамдық палата депутаттардың сарапшылармен, ғалымдармен, азаматтық қоғам, кәсіби бірлестіктер және өңірлер өкілдерімен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын тұрақты жұмыс алаңына айналуға тиіс. Оның құрамына 50 адам енгізу көзделіп отыр", - деп атап өтті Құрылтайда.
Палатаның негізгі міндеттерінің бірі - заң жобаларын "нөлдік оқылым" сатысында қоғамдық және сараптамалық зерделеу. Бұл заң жобаларын әзірлеу кезеңінде кәсіби ұсынымдарды, балама ұстанымдар мен ұсыныстарды ескеруге мүмкіндік береді.
Қоғамдық палата сондай-ақ елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін талқылайтын болады.
Алдағы уақытта Құрылтай Бюросы Қоғамдық палата туралы ережені бекітіп, оның құрамын айқындауға және басшылық лауазымдарға тағайындау жүргізуге тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

