31.01.2025, 12:42 113741

Құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды

Құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасын аяқтады, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.

Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасын аяқтады. Нысан 2022 жылы қолданысқа берілуі керек еді. Алайда, пандемия мен қаржылық қиындықтарға байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап қалған болатын.

Министрлік құрылғаннан кейін Қызылорда су торабының құрылысы қайта жанданды. Нысанның сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында гидравликалық тораптың бұзылған бөлшектері қайта жөнделіп, басқа да ақаулары дұрысталды.

Айта кету керек, су торабы Сырдария өзенінің сол және оң жағалауындағы 120 мың гектарға жуық жерді суаруға және шамамен 2 млн гектарға жуық шөлді аймақты ылғалдандыруға арналған.

Құрылысы тоқтап қалған немесе созылып кеткен жобаларды аяқтау мәселесі министрліктің жіті бақылауында. Мәселен, Ақтөбе су қоймасына 36 жылда алғаш рет кешенді реконструкция жасалды. Ал, Батыс Қазақстан облысында соңғы 58 жылда бірінші рет Киров су қоймасы жөнделді. Бүгінгі таңда Есқұла, Талап, Пресновский және Соколовский таптық су құбырларының құрылысын аяқтау бойынша да белсенді жұмыс жүріп жатыр. Бұл жобалар халықты сапалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Сол себепті аталған жобаларды іске асырып, межесіне жеткізу өте маңызды", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны