29.01.2014, 18:31 13086

С. Ахметов ДСМ-не туберкулезбен күрес бойынша шараларды күшейту мақсатында ұсыныстар беруді тапсырды

"Туберкулезбен күрес барысында осы мәселені түбегейлі шешу үшін нақты шараларды ұйымдастыруды тапсырамын. ДСМ-не осы мақсатта бар күш-жігерін жұмсауға тура келеді", - деді С.Ахметов.

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Премьер-Министрі С.Ахметовтың қатысуымен өткен ҚР ДСМ кеңейтілген отырысында Үкімет төрағасы ведомство басшысына туберкулезбен күрес бойынша шараларды күшейту мақсатында ұсынастар беруді тапсырды.

"Туберкулездің тұрақты түріне шалдыққан науқастардың артуы еліміз үшін қауіпті. Бізде қалыптасқан жағдайды жақсартуға мүмкаіндігіміз жетерлік. Сонымен қатар, осы бағытта бірқатар ілкімді істер іске асырылуда. 2003 жылы 100 мың адамға шаққанда 165-170 оқығалар кездесті, ал бүгінде ол - 73 тең", - деді С.Ахметов.

Осыған байланысты, ДСМ-не Премьер-Министр Серік Ахметов туберкулезбен күрес бойынша шараларды күшейту мақсатында ұсынастар беруді тапсырды

"Туберкулезбен күрес барысында осы мәселені түбегейлі шешу үшін нақты шараларды ұйымдастыруды тапсырамын. ДСМ-не осы мақсатта бар күш-жігерін жұмсауға тура келеді", - деді С.Ахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны