22.04.2014, 20:19 3006

С. Ахметов пен А. Раси-Заде қазақ-әзірбайжан қарым-қатынасын нығайтуды талқылады

Қазақстан Қорғаныс министрі Серік Ахметов Изірбайжанға ресми сапары шеңберінде Премьер-Министр Артур Раси-Задемен кездесті.

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстан Қорғаныс министрі Серік Ахметов Изірбайжанға ресми сапары шеңберінде Премьер-Министр Артур Раси-Задемен кездесті.

Тараптар екіжақты қазақ-әзербайжан, оның ішінде әскери-техникалық саладағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады, деп ҚР Қорғаныс министрлігінде хабарлады.

Сондай-ақ, С. Ахметов Изірбайжан Президенті Ильхам Илиевпен кездесті.

Кездесу барысында С. Ахметов Изербайжан көшбасшысына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемі мен игі тілегін жеткізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны