28.01.2014, 19:45 3019

С. Ахметов: ТҚҚ басқару жүйесі бірыңғай кешенде қарастырылуы керек

"Егер, біз полигоны бар зауытты салатын болсақ, онда оның қалдықты шығару, жинау, контейнер, кәдеге жарату, сақтау, өртеу сынды барлық жүйесі бір орталықта болуы тиіс. Себебі, әкім өз бетінше контейнер сатып алса, енді біреулері қоқысты жинаса, тағы бірі оны өңдеумен айналысатын болса нәтиже болмайды", - деп С. Ахметов баса айтты.

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan today. Біз ТҚҚ басқару жүйесі бір бағдарлама ретінде қарауымыз керек, деп Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мәлім етті.

"Аймақтарда жүзеге асырылатын кез-келген жобаны біз бірыңғай сатылас интеграциялау жүйесі деп қарастыруымыз керек. Жеке-жеке ешқандай жобаны қарастырмаймыз. Егер жоба бағдарламаға енгізілетін болса, оны біз бірыңғай оператор орталығы Жасыл Даму арқылы қарастыратын боламыз. Ал, ол өз кезегінде бірыңғай жүйеге енгізілген жобалардың қаржыландыру мәселесін қадағалап, шешетін болады", - деді Серік Ахметов.

Үкімет басшысының айтуынша, ТҚҚ жүйесін құраушылар, яғни "жинау - кәдеге жарату - зауыт" сынды бөлшектер дара қаралмауы керек.

"Егер, біз полигоны бар зауытты салатын болсақ, онда оның қалдықты шығару, жинау, контейнер, кәдеге жарату, сақтау, өртеу сынды барлық жүйесі бір орталықта болуы тиіс. Себебі, әкім өз бетінше контейнер сатып алса, енді біреулері қоқысты жинаса, тағы бірі оны өңдеумен айналысатын болса нәтиже болмайды", - деп С. Ахметов баса айтты.

Оның айтуынша, батыс елдерінің осы бағыттағы барлық заңнамалық жүйесі сатылас интеграциялау жүйесіне бағындырылуы керек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны