13.04.2012, 10:58 3437

С.Ахметов ТКШ жаңғырту және тұрғын үй құрылысы бағдарламаларының іске асырылу барысымен танысты

С.Ахметов Текеліде ТКШ жаңғырту бағдарламасының аясында жөндеуден өткен тұрғын үймен танысты, оның тұрғындарымен кездесті және олардың сауалдарына жауап берді.

Астана. 13-сәуір. Kazakhstan Today - Бірінші вице-премьер С.Ахметов ТКШ жаңғырту және тұрғын үй құрылысы бағдарламаларының іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

С.Ахметов Текеліде ТКШ жаңғырту бағдарламасының аясында жөндеуден өткен тұрғын үймен танысты, оның тұрғындарымен кездесті және олардың сауалдарына жауап берді. 1961 жылы салынған және Бағдарлама аясында жөндеуден өткен бұл үшқабатты үйдің жалпы ауданы - 758,4 шаршы метр. Жөндеу жұмыстарының құны 7 млн. астам теңгені құрады. Облыс әкімгінің ақпараты бойынша, 2011 жылы Алматы облысында ТКШ жаңғырту бағдарламасының аясында 323 млн. теңге сомаға көпқабатты 27 тұрғын үй жөнделді. 2012 жылы Бағдарламаның екі тетігі бойынша 812,5 млн. теңге сомаға 51 көпқабатты үйді жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

С.Ахметов бүгін сондай-ақ Алматы облысының Ескелді ауданындағы Қаратал су-электр стансасы каскадында болды. Каскад Қаратал өзеніндегі жалпы қуаты 11,9 МВт құрайтын 3 су-электр стансасынан тұрады. Ахметов стансалар мен гидро құрылғылардың орналасу жағдайымен, облыстағы су және жел энергетикасын дамыту бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты.

"Гидрожоба" институтының анықтауынша, Алматы облысының өзендері мен гидро құрылғыларында жалпы әлеуеті 2800 Мвт шамалайтын шағын ГЭС-тердің құрылыстарына арналған 63-тен астам перспективалық учаскені анықтап отыр.

Талдықорғанда С.Ахметов тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесінің енгізілу барысымен танысты және Қаратал ықшамауданында осы тетік бойынша салынған 60 пәтерлі тұрғын үйде болды.

С.Ахметов сондай-ақ Талдықорған қаласының қазандығында болды. Онда болған кездесуде коммуналдық кәсіпорындардың мәселелері талқыланды. Және "Жастар" спорт сарайында болды және Талдықорғанның оңтүстік-батыс тұрғын үй ауданының жобасымен танысты.

Бірінші вице-премьер Серік Ахметовтің жұмыс сапары ертең, 13 сәуірде жалғасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны