14.03.2012, 16:54 3528

С.Ахметов Жамбыл облысында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты

Премьер-Министрдің орынбасары жол салуда отандық материалдарды қолдану керек екенін ерекше атап өтіп, жобадағы қазақстандық үлесті 100 пайызға жеткізуді тапсырды.

Астана. 14-наурыз. Kazakhstan Today - Бірінші вице-премьер С.Ахметов Жамбыл облысында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Премьер-Министрдің орынбасары жол салуда отандық материалдарды қолдану керек екенін ерекше атап өтіп, жобадағы қазақстандық үлесті 100 пайызға жеткізуді тапсырды.

"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бері облыста шамамен 60,9 млрд. теңге игеріліп, 263,6 шақырым цементбетон жабыны, 61,2 шақырым астыңғы асфальтбетон жабыны төселген. Қазіргі таңда жаңа жолдың 188 шақырымы пайдалануға берілген.

Жоба 2010 жылы жүзеге асырыла бастаған. Халықаралық транзиттік дәліздің жалпы ұзындығы 8 445 мың шақырымды құрайды. "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" дәлізінің Қазақстан аумағы арқылы өтетін ұзындығы 2 787 шақырым, соның ішінде 2 452 шақырым жол құрастыруға жатады, ал жолдың Жамбыл облысы аумағын басып өтетін ұзындығы 495 шақырым.

Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүріп жатыр. Халықаралық көлік дәлізі 2013 жылға қарай аяқталады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны