10.02.2014, 19:21 3330

С. Қайырбекова Семей қаласындағы ПЭТ- орталығының құрылысымен танысты

Айта кетейік, позитрондық-эмиссиялық томография организмнің күрделі потологиясын ғана анықтап қоймай, неврологиялық, кардиологиялық және онкологиялық аурулардың емделу тиімділігін қадағалап отырады.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan today. Семей қаласындағы ПЭТ-орталық Павлодар пациенттерін қабылдауға дайын, деп Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Семей қаласының медқызметкерлерімен кездесу барысында айтты.

"Мен бұл аймақта денсаулық сақтау жүйесімен танысуға арнайы келдім. Сондай-ақ, Елбасының Жолдауын түсіндіру жұмыстарын қызметкерлерге жүргіземін, біз ондағы басты тапсырмаларды анықтап, жүзеге асруымыз қажет", - деді С. Қайырбекова.

С. Қайырбекова өз сапарында қолданысқа берілуге тұрған нысандарды тамашалады. Оның ішінде, ПЭТ-орталық салынып жатқан Онкологиялық диспансерді аралады. Ведомство басшысының айтуынша, орталық Павлодар облысының тұрғындарына қызмет көрсету міндетін алады.

Айта кетейік, позитрондық-эмиссиялық томография организмнің күрделі потологиясын ғана анықтап қоймай, неврологиялық, кардиологиялық және онкологиялық аурулардың емделу тиімділігін қадағалап отырады.

С. Қайырбекованың айтуынша, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру өсуде. Бұл медқызметкерлер мен әкімшілік мекемелер адамдардың денсаулығын арттыру үшін барлық қаражатты тиімді жұмсағандықтың белгісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны