10.06.2014, 21:08 2945

С. Қайырбекова: Жыл сайын 33 мың дәрігер біліктілігін арттырады

"Жыл сайын 33 мың тәжірибелі маман өз біліктіліктерін арттырады. Дәрігерлерге қолайлы жағдай туғызу үшін біз жинақ жүйесін енгіздік. Демек, 3 айға өзге институтқа бармай-ақ, мамандарды шақыртуға болады. Тіпті, семинар, мастер-класс өткізуге де жағдай жасалған", - деді ол.

Алматы. 10 маусым. Kazakhstan today. Жыл сайын 33 мың дәрігер біліктілігін арттырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің отырысында денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлімдеді.

"Жыл сайын 33 мың тәжірибелі маман өз біліктіліктерін арттырады. Дәрігерлерге қолайлы жағдай туғызу үшін біз жинақ жүйесін енгіздік. Демек, 3 айға өзге институтқа бармай-ақ, мамандарды шақыртуға болады. Тіпті, семинар, мастер-класс өткізуге де жағдай жасалған", - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінде денсаулық сақтау министрлігінде батыс пішініне сәйкес оқыту бағдарламалары әзірленді. Осының арқасында кадр тапшылығы 20 пайызға, ауылдарда 41 пайызға қысқарды.

"Егер де дәрігер жағынан қателік жіберілсе, оны білімді бағалау мен тәжірибелік қабілеттіліктің республикалық орталығына бағыттаймыз. Ол жерде маман жіберген қателіктерін саралап, анықтайды", - деді ол.

"Қорытындысында қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы көбейді, ол бүгінде 70-ті құрап отыр, 2015 жылға таман біз оны 71-ге жеткізуді көздеп отырмыз", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны