06.06.2014, 23:20 3008

С.Кулагин: Атбасар қаласындағы тұрғын үйлердің құрылысы қыркүйекте аяқталуы тиіс

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Атбасар қаласында су тасқынынан кейін қираған үйлердің құрылысымен танысты.

Алматы. 6 маусым. Kazakhstan today. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Атбасар қаласында су тасқынынан кейін қираған үйлердің құрылысымен танысты.

Атбасарда 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Облыс әкімі мердігерлерге құрылысты қыркүйек айына дейін аяқтауды тапсырды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атбасардағы сел тасқынынан кейін қираған үйлердің саны зерттеу бойынша 201-ді құрады. Шығынды өтеу үшін Үкімет 500 млн теңге бөлді. Қаржы медицина училищесі жатақханасының құрылысына (122 млн), екі 45 пәтерлі тұрғын үйдің (377885 мың теңге) құрылысына бағытталды. Атбасар ауданының әкімі Жомарт Нұркеновтың айтуынша құрылысты аяқтау үшін қосымша тағы 278590,9 мың теңге қажет.

Қазіргі таңда 3-ші 45 пәтерлі үйдің құрылысы басталды. Оның мердігері - "АССМ-01" ЖШС. Өның өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда құрылыс алаңы дайындалып, су құбырлары мен кәріз желісі тартылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны