04.09.2026, 09:09 65027 / 12193

Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды

Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды
Сурет: Үкімет
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Сұлтанғазиевті Алматы облысының әкімі қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды", - деп айтылған хабарламада.


Сұлтанғазиев аймақты 2022 жылдың 11 маусымынан бері басқарып келген.

Бүгін, 4 қыркүйекте Қонаев қаласында Алматы облысының жаңа әкімі лауазымына кандидатураны келісу үшін мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді деп жоспарланған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны