27.01.2023, 10:11 44481
СҚО-дан жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова қайтыс болды
Сурет: t.me/senate_kz
Достарға айту
Оған алдын ала "анафилаксиялық шок" деген диагноз қойылып отыр
Астана. 27 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның жаңадан сайланған сенаторы Гүлмира Кәрімова 45 жасында кенеттен қайтыс болды, деп хабарлады Парламент палатасының баспасөз қызметі.
Оған алдын ала "анафилаксиялық шок" деген диагноз қойылып отыр.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен Аппараты Гүлмира Раинбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Гүлмира Кәрімова Солтүстік Қазақстан облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына сайлауда жеңіске жеткен болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.03.2023, 13:10 6506
ҚР ҒЖБМ Тіл саясаты комитетінің төрағасы тағайындалды
Ол Ербол Тілешов болды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Астана. 27 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Ербол Ердембекұлы Тілешов Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Ербол Тілешов 1965 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Абай атындағы Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді педагогикалық университетін бітірген.
1992-2001 жылдары С. Сейфуллин атындағы Ақмола университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істеді.
2001-2002 жылдары Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті қызметін атқарды.
2002-2004 жылдары Л. Гумилев атындағы Еуразия университеті Гуманитарлық институты директоры орынбасарының міндетін атқарушы, директорының орынбасары болды.
2004-2007 жылдары "Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы" РМҚК директорының орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.
2007 жылдан 2012 жылға дейін жеке коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.
2012-2015 жылдары - Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы бастығының міндетін атқарушы, басшысы.
2015-2022 жылдары - "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы" РМҚК директорының міндетін атқарушы, директоры, атқарушы директоры.
2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" КеАҚ бас директоры қызметін атқарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2023, 12:07 6611
Қазақстанда парламенттік сайлаудың түпкілікті қорытындысы шығарылды
Достарға айту
Қазақстан Мәжілісіне 5%-дан астам дауыс жинаған алты партия кірді
Астана. 27 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды.
Комиссия мәліметінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:
1. Amanat партиясы - 53,90% немесе 3 431 510 адам дауыс берді;
2. "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы - 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді;
3. Respublica партиясы - 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді;
4. Қазақстан халық партиясы - 6,8% немесе 432 920 адам дауыс берді;
5. "Байтақ" жасылдар партиясы - 2,30% немесе 146 431адам дауыс берді;
6. "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы - 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді;
7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді;
Бәріне қарсымын" бағаны - 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың дерегінше, 5 және одан да көп пайыз дауыс жинаған саяси партиялардың арасында Мәжіліс депутатының мандаттары былай бөлінді:
1. Amanat партиясы - 40 мандат;
2. "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы - 8 мандат;
3. Respublica партиясы - 6 мандат;
4. Қазақстан халық партиясы - 5 мандат;
5. "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы - 6 мандат;
6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 4 мандат.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау науқаны жаңа сайлау ережелері мен нормалары бойынша өткізілді. Биыл Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде жаңа пропорционалды-мажоритарлық үлгіге көшу, Парламент Мәжілісінде Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасын жою және азаматтардың тікелей дауыс беруі арқылы жоғары ұлттық заң шығарушы орган палаталарының бірін қалыптастыру, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының жұмысын кәсіби негізге көшіру жүзеге асырылды.
Парламент Мәжілісі 98 депутаттан тұрады. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізімдер бойынша, 29-ы бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2023, 11:26 6711
Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады
Сурет: akorda.kz
Достарға айту
Астана. 27 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты.
Сонымен қатар Президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.
Өз кезегінде Шавкат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ ол жанкүйерлердің үмітін ақтап, еліміздің мерейін асқақтата беретінін жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2023, 09:05 8991
Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 26-27 сәуірде Астанада өтеді
Сурет: akorda.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысы ҚХА-ның кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды
Астана. 27 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы 2023 жылы 26-27 сәуір күндері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, өткен жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасын бекіткен болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.03.2023, 11:17 37291
Президент Румыния мен Словениядағы елшілерді тағайындады
Бірқатар елшілер қызметінен босатылды
Достарға айту
Астана. 24 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Румыния мен Словениядағы Төтенше және Өкілетті Елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды.
Президент Рүстемов Нұрбахты осы қызметтен босатты.
Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Сонымен қатар, Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.03.2023, 08:22 38681
Қазақстан Президенті Катар әмірімен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды
Сурет: akorda.kz
Достарға айту
Астана. 24 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекеттер басшылары бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Қатар халықтарына бақ-береке тіледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Қатар Әмірінің былтыр қазан айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды", - делінген хабарламада.
Тараптар екі ел арасындағы өзара сауда-саттық қарқынын сақтауға және қаржы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті екенін растады.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.03.2023, 19:12 78391
ҚР ОСК Мәжіліс сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады
Достарға айту
Сайлау қорытындысы бойынша алты партия Мәжіліске өтеді
Астана. 20 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады.
Комиссияның алдын ала дерегінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:
1. Amanat партиясы - 53,90 % немесе 3 431 510 адам дауыс берді;
2. "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы - 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді;
3. Respublica партиясы - 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді;
4. Қазақстан халық партиясы - 6,80% немесе 432 920 адам дауыс берді;
5. "Байтақ" жасылдар партиясы - 2,30% немесе 146 431 адам дауыс берді;
6. "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы - 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді;
7.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді;
Бәріне қарсымын" - бағаны - 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елімізде өткен сайлауда 6 366 441 адам өз таңдауын жасаған.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.03.2023, 18:06 65821
Қазақстан Президенті Ақпараттық доктринаны бекіту туралы Жарлыққа қол қойды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Доктринаның мақсаты елдің ақпараттық қауіпсіздігі мен идеологиялық егемендігін қамтамасыз ету болып табылады
Астана. 20 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын бекіту туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасы бекітілсін", - делінген Жарлықта.
Жарлық мәтініне сәйкес, осы доктринаның мақсаты елдің ақпараттық қауіпсіздігі мен идеологиялық егемендігін қамтамасыз ету, қазіргі заманғы үрдістер мен сын-қатерлерге жауап беретін, қоғамды топтастыруға және азаматтық бірдейлікті нығайтуға бағытталған ақпараттық саясатты құру болып табылады.
Бұл ретте доктрина ақпараттық саланың барлық қатысушыларының мынадай негізгі өзара іс-қимыл қағидаттарын айқындайды:
сөз бостандығы. Доктрина қазақстандықтардың бірлігі мен топтасуының негізгі факторы ретінде сөз бостандығы мен пікір алуандылығын қорғау қағидатын ұстанады;
ақпаратқа қол жеткізу. Доктрина әрбір азаматтың мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында бекітілген ақпаратты заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату құқығынан туындайды;
дамуға бағдар. Доктринаның негізгі міндеттерінің бірі бүкіл ақпараттық кеңістіктің үздіксіз дамуы мен сапалы өсуіне жағдай жасау, сондай-ақ отандық медиа өнімдерінің бәсекеге қабілетті болуы мен азаматтар арасында сұранысқа ие болуын арттыру болып табылады;
сенім және құпиялылық. Ақпаратты трансляциялайтын медиалық процеске қатысушылар, оның ішінде БАҚ бұрмалау және манипуляция жасау элементтерінсіз объективті және анық ақпарат беруге мүдделі болуға тиіс. Барлық шаралар коммуникативтік процестің барлық қатысушылары арасында сенім деңгейін арттыруға бағытталуға тиіс. Бұл ретте доктрина әркімнің жеке өміріне қол сұғылмаушылық жеке және отбасылық құпия, өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау құқығын қолдайды;
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ұлттық ақпараттық кеңістікті дамыту және бәсекеге қабілетті отандық медиасаланы қалыптастыру сыртқы сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл мен олардың салдарын төмендетудің шешуші факторы, сондай-ақ саланың орнықты дамуының базалық шарты болуға тиіс.
Осы доктрина қазіргі заманғы мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру философиясы мен рухын көрсететін тұжырымдамалық құжат болып табылады.
Доктринаны іске асыру құжатта баяндалған көптеген проблемаларды шешуге, ықтимал тәуекелдердің алдын алуға және осы жоғары серпінді салада жүйелік саясатты жолға қоюға мүмкіндік береді.
Доктринада мәлімделген ақпараттық саладағы қоғамдық қатынастардың барлық субъектілерінің негізгі өзара іс-қимыл қағидаттарының сақталуы елдің медиасаласын жаңа сапалық, бәсекеге қабілетті даму деңгейіне шығарады.
Доктринаны іске асырудың қорытындысы әлемдік медиа нарығының органикалық және тең дәрежелі бөлігі ретінде отандық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру болуға тиіс.
Азаматтық қоғам институттарын, БАҚ пен Қазақстанның ақпараттық кеңістігінің басқа да субъектілерін белсенді түрде тарту доктринаның мақсаттарына қол жеткізу мен міндеттерін іске асыруға ықпал ететін болады. Қоғамдық институттардың саналы және жауапты қолдауы болмаса, толыққанды ақпараттық егемендікті қамтамасыз ету мүмкін емес.
Қоғамды топтастыруға және азаматтық бірдейлікті нығайтуға ықпал ете отырып, ұзақ мерзімді перспективада ақпараттық саясаттың векторы мен мазмұнын айқындайтын негізгі алынатын құндылықтар осы доктринаның маңызды құрамдас бөліктері болып табылады.
Доктрина жалған ақпаратқа қарсы іс-қимылдың мемлекеттік тетігін жетілдіруге, ақпараттық процестің барлық қатысушылары арасында тиімді коммуникациялар жүйесін құруға мүмкіндік береді, Әділетті Қазақстанды құру бағыты аясында ақпараттық саланың міндеттерін шешуге ықпал ететін болады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айының ортасында Қазақстанда ақпараттық кеңістікті сыртқы әсерлерден қорғау доктринасы әзірленгені белгілі болды.
Жарлық жобасында доктрина қоғамның мүдделеріне жауап беретін және мемлекеттің одан әрі дамуына ықпал ететін идеялық-құндылық көзқарастарын айқындайтын, ақпараттық-коммуникациялық салада мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және қоғамдық қатынастарды дамытатын болады деп атап өтілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
24.03.2023, 08:22Қазақстан Президенті Катар әмірімен телефон арқылы сөйлесті 24.03.2023, 11:17 37206Президент Румыния мен Словениядағы елшілерді тағайындады21.03.2023, 12:19 29751Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, мерекелік шараға қатысты21.03.2023, 15:35 29386Мемлекет басшысына Наурыз атты тазы күшік сыйға тартылды21.03.2023, 18:39 29031Тоқаев Nomad Stunts тобының басшысына ер-тоқым сыйлады
03.03.2023, 11:22 89161Астанада заңсыз салынған 76 құрылыс нысанында жұмыс тоқтатылды03.03.2023, 10:34 85536Қазақстанда банкроттыққа өтінімдерді қабылдау басталды02.03.2023, 12:45 85511Қаржы министрлігі доллардың құлдырауына байланысты бағаның төмендеуін болжап отыр20.03.2023, 10:09 79711Президент Салық кодексіне енгізілген түзетулерге қол қойды03.03.2023, 10:04 79696Дизель отынының бағасы бір жылда 16%-ға өсті