02.07.2012, 13:08 3244

Сәбиді балабақшаға онлайн кезекке қою енді ЭЦҚ болуын талап етпейді

Енді ол үшін ата-ана өзінің сәбиінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) білсе және "электрондық үкімет" порталында тіркелген болса жеткілікті.

Астана. 2-шілде. Kazakhstan Today - Сәбиді балабақшаға онлайн кезекке қою енді ЭЦҚ болуын талап етпейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Енді ол үшін ата-ана өзінің сәбиінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) білсе және "электрондық үкімет" порталында тіркелген болса жеткілікті.

Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның қоғаммен байланыс бөлімінің баспасөз баянында хабарланды.

Еgov.kz осы қызметті пайдалану үшін, жүгінуші "электрондық қызметтер" бөлімінде жергілікті атқарушы органдардың тізімінде "Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мекетепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қоюды" таңдайды. Кейін экрандық форманы толтырады және сұранысты жолдайды. Сонан соң жүйемен құжатқа автоматты түрде қызметті тұтынушының жеке куәлігі және сәбидің тууы туралы куәлігі бекітіледі. Сонымен қатар сәбиде жеңілдік болған жағдайда, сұранысқа куәландырылған құжаттардың көшірмелерін бекіту қажет.

Қызмет тегін және 3 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Осы мерзімнің аяқталуында пайдаланушының жеке кабинетіне балабақшаға жолдама немесе сәбиді кезекке қою, немесе себептерін түсіндірумен бас тарту туралы хабарлама келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны