20.06.2006, 12:25 2847

Сайлау кезінде митинг өткізуге салынған тыйымды алып тастау жөніндегі заң жобасын парламент 29-қыркүйекте алғашқы оқылымда қарайды

АСТАНА. 20-маусым. Kazakhstan Today. “Сайлау туралы” Конституциялық заңға енгізілетін өзгерістерді парламент 29-қыркүйекте алғашқы оқылымда қарайды. Осындай шешім парламент палаталарының бүгін өткен жалпы отырысында қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, “Сайлау туралы” Конституциялық заңға бір ғана түзету енгізілмек. Соған сәйкес, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталғаннан бастап сайлау қорытындысы ресми түрде жарияланғанға дейін митингілер, шерулер мен демонстрациялар сынды қоғамдық, топтық және жеке мүдделерді паш ететін шараларды өткізуге салынған тайым алынбақшы.

Үкіметтің заң жобасына берген түсініктемесінде атап көрсетілгеніндей, бұл мәселе “тұтастай алғанда “Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу және оларды ұйымдастыру тәртіптері туралы” заңмен реттеледі”.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны