29.05.2017, 16:21 4681

Сайлау науқаны кезеӊінде Қызылорда облысынан Парламент Сенатыныӊ депутаттығына барлығы 5 кандидат ұсынылды

Қазіргі сәтте сайлау науқаны сайлау заӊнамасы нормаларыныӊ талаптарына сәйкес жүріп жатыр. Облыстық сайлау комиссиясына осы сайлау науқанына қатысты өтініштер (шағымдар) келіп түскен жоқ,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы.

Қызылорда. 29 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарыныӊ кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардыӊ күнтізбелік жоспарына сәйкес 28 мамырда Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды.

Сайлау науқаны кезеӊінде Қызылорда облысынан Парламент Сенатыныӊ депутаттығына барлығы 5 кандидат ұсынылды.

Осыған дейінгі өткен сайлау науқандарымен салыстырғанда: 2011 жылы 9 кандидат ұсынылса, 2014 жылы 6 кандидат сенатор болуға ниет білдірген. Осылайша, соӊғы үш сайлау науқанындағы кандидаттардыӊ Сенаттағы 1 орынға бәсекелесітігі, орта есеппен, 7 адам құрады. Ұсынылған үміткерлер Конституция мен Қазақстан Республикасы сайлау заӊнамасыныӊ талаптарына толық сай келеді.

Кандидаттардыӊ барлығы өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған, мәслихаттардан кандидат ұсынылған жоқ. Ұсынылған кандидаттардыӊ ішінде 1-і - әйел адам (20%).

Барлық кандидаттардыӊ білімі жоғары. Мамандығы бойынша: 2-і оқытушы (1-і ғылымдар кандидаты мен докторы), 1-і дәрігер, 1-і саясаткер, 1-і инженер.

4 кандидат саяси партиялардыӊ мүшесі болып табылады, 1 кандидат өзініӊ партияға мүшелігін көрсетпеген.

Барлық кандидаттардыӊ ұлты - қазақ. Орташа жасы -55 жаста.

Қызмет түрі бойынша: 1 -і Парламент Сенатыныӊ депутаты, 2-і мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелердіӊ қызметкерлері, 2-і коммерциялық құрылымдардыӊ қызметкерлері.

Барлық кандидаттар өздерін қолдап таӊдаушылардыӊ қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарын облыстық сайлау комиссиясына өткізді. Облыстық сайлау комиссиясыныӊ паспорт қызметініӊ мамандарымен бірігіп жүргізген қол қою парақтарындағы қолдардыӊ растығын тексеруініӊ нәтижесінде рас болмай шыққан қолдар анықталмады.

Кандидаттардыӊ барлығы тіркелу үшін таӊдаушылардыӊ өздерін қолдаған жеткілікті дауыс санына ие болды.

Сонымен қатар, Сенат депутаттығына кандидат ретінде тіркелу үшін үміткерлер тиісті аумақтық сайлау комиссиясына өзініӊ және жұбайыныӊ (зайыбыныӊ) табысы мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органыныӊ анықтамасы мен сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатты тапсыруы қажет.

Бүгінгі күнге облыстық сайлау комиссиясы 3 кандидатты тіркеді.

Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу процесі 7 маусымға дейін созылады, ал 8 маусымнан бастап барлық тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кірісе алады.

Қазіргі сәтте сайлау науқаны сайлау заӊнамасы нормаларыныӊ талаптарына сәйкес жүріп жатыр. Облыстық сайлау комиссиясына осы сайлау науқанына қатысты өтініштер (шағымдар) келіп түскен жоқ,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны