26.05.2016, 18:07 5165

Сәкен Сәрсенов ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды

2000 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацилар министрлігініӊ Көліктік бақылау комитетініӊ жетекші маманы ретінде мемлекеттік қызметке түсті. Қазақстан Республикасы радиожелілік спектрін қолдануды бақылау мәселелерімен айналысты.

Астана. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Сәрсенов Сәкен Сейтжаппарұлы 1977 жылы 2 ақпанда дүниеге келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2000 жылы Мәскеу мемлекеттік авиация институтын "Ақпаратты өӊдеу мен басқарудыӊ автоматтандырылған жүйелері" мамандығы бойынша бітірген.

Екінші жоғарғы білімін "Құқықтану" мамандығы бойынша Еуразиялық гуманитарлық институтында алды.

Мансабы

2000 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацилар министрлігініӊ Көліктік бақылау комитетініӊ жетекші маманы ретінде мемлекеттік қызметке түсті. Қазақстан Республикасы радиожелілік спектрін қолдануды бақылау мәселелерімен айналысты.

2000 жылдыӊ қараша айы мен 2003 жылдыӊ қазан айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініӊ "Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы" РМК ақпаратты қорғауды ұйымдастыру бөлімініӊ меӊгерушісі болып істеді. Министрліктіӊ ақпараттық жүйелері мен ресурстарын Қазақстан Республикасында тұӊғыш рет енгізілген адаптивтік қауіпсіздік технологиясын қолданумен қорғауды ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік етті.

2003 жылы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары болып тағайындалды, мұнда ұлттық ақпараттық инфрақұрылым мен "электрондық үкіметтіӊ" инфрақұрылымын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында жобаларды іске асыру мен мекемеаралық ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу мәселелерімен айналысты. Сол кезеӊде "Жеке тұлғалар", "Заӊды тұлғалар" мемлекеттік деректер базалары, электрондық үкімет порталы, жылжымайтын мүлік регистрі, электрондық құжатайналымыныӊ бірыӊғай жүйесі іске қосылды.

2008 жылдыӊ сәуір айы мен 2009 жылдыӊ қазан айы аралығында "Қазақтелеком" АҚ-ныӊ электрондық қызметтер жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеді. Бизнес-жобаларды дамыту мен Қазнетте жаӊа интерактивтік және транзакциялық қызметтерді жасау бойынша жетекшілік етумен қатар ҚР-да электронды оқыту жобаларын іске асыру мен ұялы WiMAX технологиясыныӊ негізінде желі құру мәселерімен айналысты. Телекомнан инфокомға көшу тұжырымдамасын әзірледі

2009 жылдыӊ қыркүйегінен бастап 2010 жылдыӊ 30 наурызына дейін - Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасыныӊ Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасыныӊ орынбасары. Қылмыстық істердіӊ электронды тіркеу жүйесін (электрондық ӨЕҚ) әзірлеп енгізді.

2010 жылдыӊ наурыз айы мен 2012 жылдыӊ қаӊтар айы аралығында - Қазақстан Республикасыныӊ байланыс және ақпарат министрлігініӊ вице-министрі. Дәл осы кезеӊде, 3G қызметтері, цифрлық спутниктік және эфирлік теледидар іске қосылды, сондай-ақ, 2011 жылдыӊ 11 наурызында осы мекемеге тапсырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) жаӊғыртылып автоматтандырылды.

2012 жылы 1 ақпанда Қазақстан Республикасыныӊ көлік және коммуникация министрлігініӊ вице-министрі болып тағайындалды (№180 01 ақпан 2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ қаулысы). Бұл лауазымда байланыс қызметтерініӊ тарифтерін төмендету мен мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жұмыстарын жалғастырып, 4G-діӊ іске қосылуын, MNP жобасыныӊ басталуын және де автомобиль иелеріне арналған арнайы ХҚКО-ларыныӊ ашылуын бақылады.

2014 жылдыӊ сәуір айында Қазақстан Республикасыныӊ Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасыныӊ бірінші орынбасары болып тағайындалды. ХҚКО, электрондық үкімет, IT және телекоммуникация салаларын дамытумен айналысты.

2014 жылдыӊ 18 тамызы мен 2016 жылдыӊ 21 мамыр айыныӊ аралығында - Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетініӊ төрағасы, ҚР Инвестиция және даму министрлігініӊ вице-министрі.

2016 жылдыӊ 21 мамыр айынан бастап - ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрі. ХҚКО, электрондық үкімет, ақпараттандыру және байланыс салаларын дамыту бойынша жұмысын жалғастыруда

ҚР АКМ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны