15.01.2008, 19:18 3607

Салық заң жобасы бойынша жылжымайтын мүліктің салық ставкалары ұлғайтылып, 2008 жылы жеке тұлғаларға жүтелетін салық көлемі 1 млрд теңгеге жетеді

Салық заң жобасы бойынша жылжымайтын мүліктің салық ставкалары ұлғайтылып, 2008 жылы жеке тұлғаларға жүтелетін салық көлемі 1 млрд теңгеге жетеді

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін ҚР парламенті мәжілісінің экономикалық реформалар және аймақтық даму комитетінің отырысында талқыланған салық заң жобасы бойынша қымбат жылжымайтын мүлікке салынатын салық мөлшерінің ұлғайтылуы ұсынылды, деп хабарлайды агенттік Қазақстан Республикасының парламент мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, заң жобасында құны 30 млн теңгеге бағаланатын жылжымайтын мүліктерге салынатын салықтарын сол қалпында қалдырып, 30 млн теңгеден асатын баспаналарға 0,5 - 1 % және құны 50 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүліктерге салынатын салық көлемін 0,5 - 2% көтеру жөнінде ұсыныс жасалынған.

Құрылысы тапсырылған үйлер 3 жылға дейін сатылмай, сату кезінде өсетін құнға жеке табыс салығы салынатын болады. Бұл норма үй иесі тұратын үйлерге таралмайды.

Сыртқы қарыздарға шектеу жасау үшін, заң жобасы бойынша, несиелер мен борыштар бойынша сыйақыларды салық төленетін базадан алып тастайтын бөлікке жатқызу тәртіптерін өзгерту ұсынылып отыр. Заң жобасы авторларының пікірінше, резидент еместердің құнды қағаздарды сату кезінде салықты төлеуден жалтармауы үшін, құн өсуіне қатысты табыс салығының төлеу тәртібін өзгерту керек. Яғни, салық табыс көзінен алынып, сатып алушы салық агенті болады.

"Бұл құжат салық әкімшіліктендіруді оңайлатып, кейбір нормаларын нақтыландырып, оны тиісті заңдарға лайықтандыруға бағытталған. Сондай-ақ, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысатындарға қарсы күресті күшейту үшін жасалынған", -деді отырыста ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Құсайынов.

Заң жобасын дайындағандардың есебінше, жылжымайтын мүліктің салық ставкаларының ұлғайтылуынан 2008 жылы жеке тұлғаларға жүтелетін салық көлемі 1 млрд теңгеге жеткізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны