31.07.2008, 16:05 3098

Салық және кеден қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесін олардың жұмыс сапасы жақсарғаннан кейін ғана қою керек - Кәрім Мәсімов

Салық және кеден қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесін олардың жұмыс сапасы жақсарғаннан кейін ғана қою керек - Кәрім Мәсімов

Астана. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың пайымдауынша, салық және кеден қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесін олардың жұмыс сапасы жақсарғаннан кейін және осы органдарда сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендегеннен кейін ғана қою керек. Ол мұндай пікірді бүгін ҚР Қаржы министрлігінің кеден комитетінде өткен кеңес барысында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Осының бәрін іске асырып, сіздер өз қатарларыңызды тазартқан соң, осы аталғанның бәрі реттелген соң ғана қызметкерлерді қаржыландыру мен әлеуметтік қоржынды ұлғайту жайын қарастыруға болады", -деді Кәрім Мәсімов.

"Бұл кеден және салық органдарының қай-қайсысына да қатысы бар. Бұл мәселені, әрине, шешу керек. Оны екі жақтан бірдей кешенді шешкен жөн", -деді үкімет басшысы.

Осыған байланысты ол кеден жұмысын жақсартудан үкімет күтетін кейбір басым бағыттарды атады. "Біріншіден, кедендік процедураларды қазірден бастап алдағы жарты жылдың аясында біршама жеңілдету қажет. Сонымен бірге, мемлекеттік шекарада шекара қызметі мен кеден қызметі ғана қалатын 2009 жылдың 1 қаңтарына түбегейлі дайындалу керек", - деді премьер.

"Екіншіден, жаңа Кеден кодексінің жобасын дайындау және оны орындау барысында кедендік процедураларды ДСО талаптары мен халықаралық стандарттарға сәйкестендіру керек. Үшінші бағыт - ақпараттық технологияларды пайдалана отырып бизнес-процесстерді одан әрі автоматтандыру, оны ашық әрі түінікті етіп жасау. Төртінші бағыт - кеден қызметін мамандармен қамтамасыз ету стратегиясын айқын анықтау, кеден органы қызметкерлерінің біліктілігін көтеру және кедендішлер арасындағы сыбайлас жемқорлықты азайту", - деді ол.

"Біз қандай заң қабылдамайық, бәрі де айналып келіп нақты бір адамға, немесе бір топ адамға келіп тіреледі", -деді премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны