06.01.2014, 21:53 2978

Салмағы екі килограмм шамасындағы алтын контрабандасы әшкереленді

Сырға, жүзік, сағатбау секілді алтыннан жасалған бұйымдар көздің жауын алады. Олардың жалпы құнын есептегенде 10 миллион теңгеге жетіп жығылды.

Алматы. 6 қаңтар. Kazakhstan today. Орал шекара отрядына қарасты "Жайық" (теміржол) бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары "Мәскеу-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде салмағы екі килограмм шамасындағы әшекейлі заттарды жасырын түрде әкетіп бара жатқан отыз үш жастағы отандасымызды ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сырға, жүзік, сағатбау секілді алтыннан жасалған бұйымдар көздің жауын алады. Олардың жалпы құнын есептегенде 10 миллион теңгеге жетіп жығылды.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылып, тергеу амалдары жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны