04.03.2013, 13:18 3037

"Самұрық - Энерго" АҚ-ның 2012-2022 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму Стратегиясы бекітілді

"Стратегияның негізгі стратегиялық бағыттары Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, акционерлік капитал құнын ұлғайтуға және әлеуметтік жауапкершілікті көтеруге бағытталған", - делінген ақпаратта.

Астана. 4-наурыз. Kazakhstan Today - "Самұрық - Энерго" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен "Самұрық - Энерго" АҚ-ның 2012-2022 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму Стратегиясы" бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы компанияның бұқарамен қарым-қатынас жөніндегі департаменті хабарлады, деп жазады BNews.kz ақпараттық агенттігі.

"Стратегияның негізгі стратегиялық бағыттары Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, акционерлік капитал құнын ұлғайтуға және әлеуметтік жауапкершілікті көтеруге бағытталған", - делінген ақпаратта.

Стратегияның мақсаты - ел экономикасының жоғары даму қарқынын қолдау, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жақсарту, электр және жылу энергиясын өндіру және оның жеткізілімін қамтамасыз ету.

"Компанияның даму стратегиясы әлемдік үздік тәжірибеге сәйкес әзірлеген. Бұл "Халықтық IPO" бағдарламасына қатысу кезінде компанияның мүмкіндіктерін жақсартады", - деп мәлімдеді "Самұрық-Энерго" компаниясынан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны