22.11.2012, 20:01 2764

"Самұрық - Қазына" АҚ әлеуметтік серіктестіктің бірқатар жаңа технологияларын енгізбек - баспасөз баяны

Оның айтуынша, бірінші бағыт мемлекеттік мекемелермен, үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен әлеуметтік жауапкершілік пен серіктестіктің барлық тармағы бойынша тығыз әрі жемісті ынтымақтастық орнату болып табылады.

Қор бүгінгі таңда әлеуметтік серіктестіктің бірқатар жаңа технологияларын жасау және енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. "Қазіргі кезде қызметімізде 4 ірі салаға баса көңіл бөлудеміз", - деді "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Жаңаөзен қаласында 21 қарашада өткен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған кеңес барысында.

Оның айтуынша, бірінші бағыт мемлекеттік мекемелермен, үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен әлеуметтік жауапкершілік пен серіктестіктің барлық тармағы бойынша тығыз әрі жемісті ынтымақтастық орнату болып табылады.

"3 мамыр Қорға кіретін компаниялардың бірінші басшыларының қатысуымен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мәселесі бойынша кеңес өтті. Онда Қазақстан кәсіподақтары федерациясы мен Қор арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Мәжілісте әлеуметтік-еңбектік кикілжіңдерге байланысты компаниялардың бірінші басшыларының жеке жауапкершілігі бекітіліп, еншілес кәсіпорындар жетекшілерінің еңбек ұжымдары алдында компанияның әлеуметтік бағдарламалары қарастырылатын жыл сайынғы есеп беру жиналыстарын өткізуі жайлы шешім қабылданды", - деп қосты Өмірзақ Шөкеев.

Ол әлеуметтік серіктестіктің екінші бағыты әлеуметтік-еңбектік кикілжіңдердің алдын алудың жаңа тетіктерін енгізу екенін атап өтті.

"Қордағы Илеуметтік серіктестік орталығы жанынан Медиация және келіссөздер жүргізу үдерісінің корпоративтік орталығы құрылып, онда ұжыммен жұмысқа жауапты Қор еңбеккерлері үшін медиация және келіссөздер жүргізу үдерісі бойынша оқу шаралары өткізілуде. Бұл бастама еңбек қатынастары саласы да қарастырылатын медиация құрылымдары мен процедураларын жасау және қолдану бойынша Елбасы берген тапсырмалар аясында көтерілді. Еншілес кәсіпорындар еңбеккерлерінен бүгінде Астана, Алматы, Қызылорда, Өскемен, Ақтау, Атырау және Ақтөбе өңірлерінде орналасқан 150-ден астам медиатор мен келіссөз жүргізуші дайындалды. Осы орайда Маңғыстау облысына ерекше назар аударылуда", - деп түсіндірді Қор басшысы.

Сонымен қатар, мәліметке сүйенсек, Орталықтың 505-505 нөмірлі "жедел телефон желісі" іске қосылған. Басты мақсаты мұң-тілектерін, шағымдарын басшылық тарапқа жеткізгісі келетін Қор компаниялары еңбеккерлеріне көмектесу болып табылатын www.birgemiz.kz сайты ашылды.

"Үшіншісі - ол әлеуметтік-еңбектік қатынастарды таразылаудың инновациялық әдістерін жасау мен енгізу. Қазіргі уақытта назардан тыс қалған әлеуметтік түйткілдерді мерзімінен кешіктірмей анықтап, бақылауда ұстау өзектілігін байқатуда. Илеуметтік наразылық деңгейін өлшеудің құралы ретінде Қорда Илеуметтілік тұрақтылық картасы әзірленіп, сыналу үстінде", - деді Ө.Шөкеев.

Илеуметтік серіктестіктің төртінші бағыты болып бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне жататын шаралар айқындалуда.

"Қазіргі сәтте Жаңаөзен қаласындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша және оңалту шаралары жөнінен негізгі жұмыс "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ арқылы жүргізілуде. Анығырақ айтсақ, Жаңаөзенде, "ҚазМұнайГаз" Барлау және Өндіру" компаниясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасы бойынша құрылысын қаржыландырған 200 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Жаңа баспаналарға көп балалы аналар, бюджеттік сала қызметкерлері және мұнайшылар ие болды. Осыған байланысты, жергілікті әкімдіктер мен ұлттық компаниялардың бюджеттік қаржысын шектеу мақсатында, Қор және әкімдіктер желісі бойынша әлеуметтік нысандарды салудың 2013-2015 жылдарға арналған шығындарын келісу қажеттілігі туралы мәселені қайта күнтәртібіне қою мұқтаждығы сезілуде", - деген мәліметтер келтірді Қор басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны