05.08.2008, 18:38 2885

"Самұрық" мемлекеттік холдингінің басқарма төрағасы жарты жыл ішінде жасалған жұмыс жайында мемлекет басшысына есеп берді

"Самұрық" мемлекеттік холдингінің басқарма төрағасы жарты жыл ішінде жасалған жұмыс жайында мемлекет басшысына есеп берді

Алматы. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстанның мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қанат Бозымбаев жарты жыл ішінде жасалған жұмыс жайында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа есеп берді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Кездесу барысында Қ. Бозымбаев ағымдағы жылдың бірінші жартысындағы "Самұрық" компаниялар тобының жұмыс нәтижелері, холдингтің даму перспективалары жайында президентті хабардар етті.

Ол теміржол саласының ірі инвестициялық жобаларын жүзеге асыру барысы жөнінде хабарлады.

"Бұл локомотив құрастыратын зауыттың құрылысы, электровоздарды жаңарту жобасы, Екібастұз қаласында жаңа вагон құрастыратын өндірісті құру. Осы жобаларды жүзеге асыру "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының жолаушылар вагондарын санамағандағы жылжымалы құрамға деген қажеттілігін толығымен жабуға мүмкіндік береді", - деді журналистерге арналған брифингте.

Холдинг жетекшісі сондай-ақ, президентке электр энергетикадағы іске асырылып жатқан жобалар, атап айтқанда, Балқаш жылу электр станциясы және Мойнақ су электр станциясы туралы әңгімеледі. Мемлекет басшысы осы жобаларды тездетіп жүзеге асыруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны