22.05.2015, 22:57 4142

"Самұрық-Энерго" АҚ VIII АЭФ аясында инновациялық технологияларды дамыту жөніндегі бірқатар келісімдерге қол қойды

"Самұрық-Энерго" АҚ-ы VIII Астана экономикалық форумы барысында инновациялық технологияларды әзірлеу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды, деп хабарлады Ұлттық компания

Астана. 22 Мамыр. Kazakhstan Today - "Самұрық-Энерго" АҚ-ы VIII Астана экономикалық форумы барысында инновациялық технологияларды әзірлеу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды, деп хабарлады Ұлттық компания, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев қол қою рәсімініӊ алдында "Самұрық-Қазына" қоры делегациясыныӊ Калифорнияныӊ (АҚШ) Силикон алқабына жасаған сапары барысыныӊ нәтижесінде мүмкін болған аталған келісімдердіӊ маӊыздылығын атап өтті, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Кездесулер барысында біз бірнеше негізгі бағыттарды дамытамыз деп келіскен болатынбыз. Стэнфорд университетімен бірлесіп, энергетика саласындағы жаӊа идеялар мен технологияларды іздесек, Берклидегі Калифорния университетімен бірге биомедицина саласындағы жобаларды әзірлемекпіз. Primus Power Corporation-мен жасалған электр энергиясын сақтау жөніндегі құрылғыларды әзірлеу туралы келісім - технологияларды дамыту бағытындағы жаӊа бағыт, яғни стартап болмақ. Біз бұл жоба келешекте нарықтағы жағдайды түбегейлі өзгертеді деп есептейміз", - деп атап айтты "Самұрқ-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

"Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен Primus Power Corporation Бас директоры Том Стэпиен (Tom Stepien, Chief Operating Officer) EnergyPodИ энергия жинақтау жүйелерін өндіру мен Қазақстан Республикасына жеткізу, және кейіннен БӨ құру жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыруды көздейтін стратегиялық серіктестік жөніндегі келісімге қол қойды.

"Электр энергиясын сақтау технологиясын әзірлеу жөніндегі көшбасшымен бірлесіп жұмыс істеу ЖЭК секторын дамытуға ықпал етіп, инновациялық шешімдерді электр энергетикасы саласына іс жүзінде енгізуге мүмкіндік береді деп сенеміз",- деп атап өтті "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қол қою рәсімі кезінде.

"Stanford University" зерттеу университетімен жасалған өзара түсіністік туралы Меморандумға "Stanford University" профессоры Фридрих Принц (Friedrich Prinz, Professor of Stanford University) қол қойды. Құжат ғылыми-техникалық, білім беру және инновациялық ынтымақтастықтыӊ тұрақты әрі ұзақ мерзімді негізін салады.

"Самұрық-Энерго" АҚ мен Берклидегі Калифорния университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға Берклидегі Калифорния университетініӊ профессоры Дэниэль Альден Флетчер (Daniel Fletcher, Professor of University of California) қол қойды. Серіктестік бағдарламаны жүзеге асыру келешекте "Самұрық-Энерго" АҚ-ы жұмысыныӊ экономикалық көрсеткіштері мен адам капиталын арттыруға ықпал ететін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны