29.01.2016, 10:16 4945

"Самұрық-Қазына" АҚ басқармасыныӊ жаӊа құрамы бекітілді

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтіӊ төрағалығымен "Самұрық-Қазына" АҚ директорлары Кеӊесініӊ отырысы өтті. Онда компания басқармасыныӊ жаӊа құрамы бекітілді

Астана. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтіӊ төрағалығымен "Самұрық-Қазына" АҚ директорлары Кеӊесініӊ отырысы өтті. Онда компания басқармасыныӊ жаӊа құрамы бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұлттық холдингте еске салып өткендей, трансформация бағдарламасы аясында 2016 жылдыӊ 5 қаӊтарынан бастап Қор қызметі жаӊа басқару құрылымы мен штаттық кестеге көшірілді. Осыған орай "Самұрық-Қазына" директорлар Кеӊесініӊ шешімімен "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасыныӊ төмендегідей жаӊа құрамы бекітілді, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Осылайша, ұлттық холдингтіӊ жаӊа құрамында: басқарма төрағасы - Өмірзақ Шөкеев.

Стратегия және активтер портфельін басқару жөніндегі басқарушы директор - Балжит Каур Грюал. АҚ мәліметінше, оныӊ банктер мен қаржылық компаниялар, ұлттық әл-ауқат қорларындағы жоғары басқарушылық халықаралық тәжірибесі 15 жыл;

Қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директор - Елена Бахмутова, бұған дейін ол Қордыӊ басқарма төрағасыныӊ орынбасары қызметін атқарған болатын. "Самұрық-Қазына" Қорына дейін ҚР Ұлттық банкі қаржылық қадағалау департаментініӊ директоры, Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігініӊ төрайымы қызметтерін атқарған;

Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор - Ғани Битенов. Халықаралық (Bracewell&Giuliani) және қазақстандық заӊгерлік компанияларда 10 жылдан астам уақыт жетекші қызметтер атқарған.

Активтерді оӊтайландыру жөніндегі басқарушы директор - Берік Бейсенғалиев. Осыған дейін ол Қордыӊ бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры болып еӊбек етті.

Ұлан Тәжібаев - адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды. Бұған дейін Қордыӊ аппарат басшысы болып еӊбек еткен.

"Директорлар кеӊесі "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма мүшесі Б.Бейсенғалиевтіӊ "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ директорлары кеӊесіне мүше етіп сайлауға рұқсат берді", - деп хабарлайды ұлттық холдингте.

Сондай-ақ, жаӊа ұйымдастырушылық құрылымда Басқарма төрағасыныӊ орынбасары лауазымдары қысқартылып, басқарушы директорлар саны екі есеге азайтылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны