23.02.2013, 16:20 3057

"Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері "Самұрық-Қазына" АҚ 2013-2022 жылдарға арналған кадрлық саясатын бекітті

Саясат Қордың адам ресурстарын басқару қызметіндегі басты құндылықтар мен қағидаттарды, Қордың осы бағыттағы негізгі жұмыс бағыттарын айқындайды.

Астана. 22-ақпан. Kazakhstan Today - 2013 жылғы 22 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың төрағалығымен "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда "Самұрық-Қазына" АҚ 2013-2022 жылдарға арналған Кадрлық саясаты бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Саясат Қордың адам ресурстарын басқару қызметіндегі басты құндылықтар мен қағидаттарды, Қордың осы бағыттағы негізгі жұмыс бағыттарын айқындайды.

Директорлар Кеңесінің отырысы"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Инвестициялық саясатын бекіту туралы да шешім қабылданды.

Мәжілісте екінші эшелондағы компаниялардың, соның ішінде "KEGOC" АҚ, "Самұрық-Энерго" және "ҚазТрансГаз" АҚ-ның "Халықтық IPO" бағдарламасын жүзеге асыру жайы да талқыланды.

Сонымен қоса, "Самұрық-Қазына" АҚ Ішкі аудит қызметінің 2012 жылғы қорытындысы бойынша есебі тыңдалды.

Мәжілісте Қор қызметінің өзге де мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны