06.02.2017, 18:43 4636

"Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобындағы жаӊартылған бизнес-үдерістерді автоматтандыру Қазпоштадан басталады

Компанияны автоматтандыру HR-үдерістерден басталды, өйткені, компанияныӊ 60% шығыны қызметкерлерімен байланысты.

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" АҚ қоржын компаниялары стандарттарды - компаниялардыӊ корпоративтік міндеттерін ұйымдастыру, соныӊ ішінде бухгалтерлік және салықтық есеп, қазынашылық, адам ресурстарын басқару, ақпараттық қауіпсіздік, оперативті жоспарлау, тәуекелдерді басқару және т.б. бойынша әлемдік озық тәжірибедегі үлгілерді енгізуді бастады. Стандарттады енгізу компаниялардыӊ оперативті қызмет тиімділігін барынша арттырып, тікелей стратегиялық мақсаттармен айналысуға мүмкіндік береді.

"Біз алдымен жаӊа операциялық үлгілерді жасап, ұлттық компаниялардағы ұйымдастыру құрылымдарыныӊ жұмысын жеӊілдеттік, бұдан кейін бизнес-үдерістерді стандарттарға сәйкестендірдік. Осы өткен кезеӊде 30 мыӊға жуық үдерістер қайта қаралды, компанияларды басқару деӊгейі бұрынғы 9-дан 4-5 сатыға дейін қысқарды. Осыныӊ арқасында қызметтердіӊ қосарлануынан, басы артық есеп пен ескірген регламенттерден арылдық. Келесі маӊызды кезеӊ - автоматтандыру, кез келген коммерциялық бастамалардыӊ табысы осы үрдістерді дұрыс іске асыруға байланысты", - деді Адамас Илькявичюс, "Самұрық-Қазына" АҚ трансформация мен арнайы жобалар бойынша басқарушы директоры.

Стандартты үдерістерді енгізуді бастаған алғашқы компанияныӊ бірі - Қазпошта, барлық өӊірде бөлімшелері бар (3 мыӊ бөлімшеге жуық) әрі тұрғындармен тікелей жұмыс істейді. Компанияны автоматтандыру HR-үдерістерден басталды, өйткені, компанияныӊ 60% шығыны қызметкерлерімен байланысты. Осы орайда адам ресурстарын тиімді басқару Қазпоштаныӊ негізгі басымдықтарыныӊ бірі болып табылады.

Компания лауазымдық тізбені сәйкестендіріп, оларды 178-ден 42-ге дейін қысқартты. 23 мыӊ қызметкер туралы ақпарат жаӊа автоматтандырылған жүйеге көшірілді. Осы жылдыӊ аяғына дейін жалақыны есептеу, қызметкерлерді іздеу, табу,оқыту, бағалау бойынша HR-үлгілер енгізіледі.

"Қазпоштаныӊ HR-қызметін автоматтандыру қызметкерлердіӊ орталықтандырылған есебін жүргізіп, штаттық кесте мен әр қызметкердіӊ міндет бөлісіне қатысты оперативті мәлімет алуға, сол арқылы сапалы басқаруға мүмкіндік туғызады", - деді Бауыржан Қайырбеков, "Қазпошта" АҚ бизнес-шешімдерді интеграциялау бағыты бойынша жетекшісі. HR-міндеттерді автоматтандырғаннан кейін босайтын еӊбек ресурстарын басшылық коммерциялық тұрғыда басым болып табылатын маркетинг және сату саласына бағыттауды көздеп отыр.

"Бұдан әрі Қазпоштаныӊ барлық корпоративтік қызметтері сәйкестендіріледі. Қызметкер Астанада немесе Оӊтүстік Қазақстан облысы, Абай ауданында тұрып жатса да, барлығы біркелкі үдеріспен, регламентпен жұмыс істейтін болады", - деп атап өтті Б.Қайырбеков.

Анықтама: Өткен жылдыӊ қараша айынан бастап "Самұрық-Қазына" АҚ қоржын компаниялары трансформация жобаларын іске асырып жатыр. Мысалы, "Қазатомпром" қоржынында инвестиция мен сатып алуды басқару, коммерциялық қызмет пен маркетингті күшейту, ұйымдастыру құрылымын өзгерту бойынша 26 жоба бар, "Қазақстан темір жолы" мен "Қазпоштада" 6 және 32 жоба бар. Мұндай жобалар "Қазмұнайгаз","Самұрық-Энерго" және "KEGOC" компанияларында да қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны