13.04.2018, 10:11 5878

"Самұрық-Қазына" активтері Шанхай қор биржасында таныстырылды

Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Гонконг қор биржасыныӊ басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Шанхай қор биржасында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ныӊ (бұдан әрі - Қор) Инвестор күні өтті. Іс-шара Қордыӊ 215 активін бәсекелестік ортаға беруді қарастыратын Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Қордыӊ энергетика, көлік пен логистика, тау-кен және мұнай-химия салаларындағы қоржындық компаниялары өкілдері қытайлық кәсіпкерлерге Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндіктері, компаниялардыӊ даму қарқынына байланысты бәсекелестік артықшылықтары, өӊірлік және жаһандық нарықтыӊ шарттары жайлы кеӊінен баяндады.

"Қордыӊ және оныӊ қоржындық компанияларыныӊ дамуы Қазақстандағы оӊ өзгерістердіӊ негізінде жүзеге асырылуда. Үкімет мемлекеттіӊ экономикадағы үлесін азайтып, ондағы жеке секторды белсенді түрде кеӊейтуде және экономиканы жаӊғыртуда зор табыстарға қол жеткізуде. Мен біздіӊ қытайлық әріптестерді "Самұрық-Қазынаныӊ" мұнай мен газ, көлік пен логистика, тау-кен мен телекоммуникация салаларындағы жобаларға белсенді түрде инвестиция салуға шақырамын", - деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Қордыӊ 9 ірі компаниясыныӊ жетеуін ІРО арқылы жекешелендіру жоспарланған. Бұл активтердіӊ саудасы 2020 жылға дейін кезеӊ бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезеӊде Қордыӊ "Қазақтелеком", "Эйр Астана" және "Қазатомөнеркәсіп", екінші кезеӊде "Самұрық-Энерго" және "Қазмұнайгаз", үшінші толқын аясында "Қазпошта" және "Қазақстан темір жолы" компанияларындағы үлесі сатылады. Жоспар бойынша екі актив стратегиялық инвесторға сатылады: "Тау-Кен Самұрық" және Qazaq Air.

"ТМД елдерініӊ арасында Қазақстан көлемі бойынша Қытайдыӊ екінші сауда серіктесі болып табылады және инвестициялар үшін басымдыққа ие. 2017 жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты сауда-саттық 18 млрд АҚШ долларына жетті. Қазақстан үшін "Бір белдеу, бір жол" бастамасына қатысу және "Нұрлы Жол" жаӊа экономикалық саясатын жүзеге асыру екі елдіӊ ынтымақтастығында маӊызға ие инвестицияларға және инфрақұрылымды салуға жаӊа мүмкіндіктер ашады", - деп атап өтті Шанхай қор биржасыныӊ президенті Хуан Хунъюань.

"Самұрық-Қазына" басшылығыныӊ пікірінше, жекешелендіру - Қордыӊ даму стратегиясын жүзеге асыруда басты рөлге ие. Бұл компаниялар тобыныӊ бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін арттыруға, корпоративтік басқару сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Стратегиялық инвесторлармен орнатылған әріптестік арқылы кәсіпорындар үшін жаӊа технологиялар қолжетімді болмақ. Бүгінде Қордыӊ кейбір қоржындық компанияларында жеке акционерлер бар. Мәселен, Қазақстандағы телекоммуникациялық нарықтыӊ көшбасшысы "Қазақтелеком" АҚ немесе "Эйр Астана" АҚ. "Тұлпар-Тальго"испаниялық Talgo компаниясымен бірлесе жолаушылар вагондары өндірісін оӊ жолға қойды. "Локомотив құрастыру зауыты"франциялық Alstom компаниясыныӊ технологияларын пайдаланып, электровоздарды шығарады. Қор инвестиция есебінен алынған қаржыны жаӊа жобалар мен салаларды дамытуға бағыттауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Гонконг қор биржасыныӊ басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді.

Қоғаммен байланыс департаменті "Самұрық- Қазына" АҚ

Анықтама

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы - дара акционері Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентініӊ Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым - инвестициялық холдинг саналады. Оныӊ миссиясы - Қазақстан Республикасыныӊ ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаӊғыртуға қолдау көрсету. "Самұрық-Қазына" өз миссиясын қоржындық компаниялардыӊ ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканыӊ басым секторларыныӊ дамуына каталитикалық инвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен $67,4 млрдты құрайды. "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларыныӊ, химия және атом өнеркәсіптерініӊ, тау-кен кешендерініӊ, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларыныӊ кәсіпорындары кіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны