04.11.2011, 12:28 4099

Самұрық-Қазына Халықтық IPO жүргізуге арналған нормативтік базаны жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізді

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді.

Астана. 4-қараша. Kazakhstan Today - Самұрық-Қазына Халықтық IPO жүргізуге арналған нормативтік базаны жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді.

Отырыс барысында Кеңес мүшелері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын (Халықтық ІРО) жүзеге асыру мәселелерін қарады, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын талқылады, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны