26.09.2015, 19:19 4079

Санкт-Петербург қаласында Еуразиялық әйелдер форумыныӊ екінші күні аясында Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Г.Ибдіқалықова Беларусь Республикасыныӊ Премьер-Министрініӊ орынбасары Н.И.Качановамен кездесті.

Астана. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Гүлшара Ибдіқалықова екі ел арасында жылы шырайлы, өзара сенімге құрылған қарым-қатынастыӊ орныққан айтты, сондай-ақ екіжақты ынтамақтастықты нығайтуда Қазақстан мен Беларусь елдерініӊ көшбасшылары елеулі рөл атқарып келе жатқанын айрықша атап көрсетті. Тиімді серіктестіктіӊ негізі үшін әртүрлі деӊгейде қол қойылған бірнеше ондаған тараптық құжаттармен есептелетін өзара іс-қимылдыӊ нормативті-құқықтық базасын атауға болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіні? тілшісі.

Мемлекеттік хатшысы Г.Ибдіқалықова сондай-ақ, Изірбайжан Республикасыныӊ Отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттіӊ төрайымы И.Гусейновамен және Оӊтүстік Африка Республикасы Ұлттық Ассамблеясы төрағасыныӊ орынбасары С.Тсенолимен кездесті. Кездесулер кезінде әйелдерге қатысты заӊнамалық және құқық қолдану тәжірибелері, ана мен баланы қорғау, "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысу мәселелері талқыланды.

Сол күні Мемлекеттік хатшы Г.Ибдіқалықова ТМД-ға қатысушы елдердіӊ Парламентаралық Ассамблеясыныӊ "Древо жизни" сыйлығын және Еуразиялық әйелдер форумыныӊ сыйлығын тапсыру салтанатына қатысты.

Түстен кейін Мемлекеттік хатшы Халықаралық еӊбек ұйымы Бас директорыныӊ орынбасары Сандра Поласкимен де кездесті.

Екіжақты кездесу барысында тараптар еӊбек қатынастарын реттеу және еӊбекті қорғау саласыныӊ кеӊ ауқымды мәселелерін талқылады.

Г.Ибдіқалықова С.Поласкиге елімізді жан-жақты жаӊғыртуға бағытталған Елбасы Н.И.Назарбаев ұсынған "Мәӊгілік Ел" жалпыұлттық идеясыныӊ, Бес институционалдық реформаныӊ және Ұлт жоспары - "100 нақты қадамныӊ", сондай-ақ, "Нұрлы жол" жаӊа экономикалық саясатыныӊ іске асырылуы туралы айтты.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы Қазақстанныӊ зейнетақы жүйесініӊ жаӊғыртылғаны, сондай-ақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығыныӊ жастарды еӊбекпен қамту саласы бойынша саясаттыӊ тиімділігін арттыруға бағытталған ХЕҰ техникалық ынтымақтастығы жобасын қарастыру барысы жайлы хабарлады.

Кездесу барысында Г.Н.Ибдіқалықова қазақстандық мамандарды оқытудағы және біліктілігін арттырудағы ХЕҰ-ныӊ маӊызды рөлін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны